Еліміздің футболы дамуы үшін не керек?

11.06.2020, 00:56
Елімізде футбол дамуы үшін не қажет.
Еліміздің футболы дамуы үшін не керек?

Еліміздің футболы даму үшін не керек деп ойланып отырып түйгенімді жазған едім.

Менің ойымша біздің елдің футбол саласы туралы айтар болсам біздің елде Кпл де жаман клуб жоқ, сол клубтарды басқара алмай отқан жаман басшылар көп. Одан кейін бәріміз білетін заманауи стадион жоқ қалаларымызда, оның үстіне әрбір аудан,ауылда заманауи стандартқа сай жасыл алаңдар болу қажет, бұл мәселені реттеу үшін шамасы жететін демеушілер қажет және еріктілер іске кірісу керек. Және клубтарымызда менеджмент, маркетинг саласы өте нашар. Мысал үшін әрбір клубтың стадион жанында шарф,жейдесін сататын дүкені болу керек. Айта берсе көп. Жанкүйерлерді қызықтырып жағдай жасау керек. Жақында Дидар Сыдықбек өзінің клубын ашты міне осы секілдіі жеке меншік клубтар көбейуі тиіс. Бірінші және Екінші лига деңгейі көтерілуі тиіс. Одан кейін басында айтып өткенімдей футболға түк қатысы жоқ жаман басшылар клубтарымызды басқарып отыр және тағы бір айта кетерлігі қазақша сөйлейтін адамдар керек. Клубтардың сайттары, жаңалықтары қазақ тілінде жүргізілсе, футболшыларымыз сұхбатты көп берсе,қазақ ойыншылары қорықпай шетелде ойнаса, тағы бір айта кететін жайт шет тілдерін үйреніп, футболдан бөлек шахмат білімге әуес болып интелектін дамытса әрбір футболшы, футболшы болғысы келетіндер, міне осы кезде дамиды деп ойлаймын болашақта түзеледі деп сенемін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×