Еркетотай Пол Погба

14.06.2020, 06:30
Погбаның еркетотай мінезі
Еркетотай Пол Погба

Жарақат алып көптен бері көрінбей кеткен футболшы Пол Погба мәселесі әліде белгісіз басты мәселенің бірі. Жанкүйерлер ойы сан алуан бірі Манчестер Юнайтедте Бруно Фернандеш пен жұп құрып клубты алға сүйрейді деп үміттенсе, кейбірі МЮ ден кеткені дұрыс деп санайды.Мәселе қайдан басталды десек Жозе Моуриноның дәуірінен басталғаны бәріне мәлім, дегенмен жаңа бапкер Сульшер келіп футболшы дұрысталғандай болған сияқты еді.Сульшер әрбір сұхбатында Погбаны мақтап үміттенгенмен, орта жолдан жарақат алып, оның үстіне әуеніне басқан секілді.Әрине жойқын соққысы,дәл пасы,мінезді футболшы екені рас онысын Франция ұлттық құрамасында көрсеткенімен, бірақ соңғы уақытты еркетотай мінезіне басып Мю де онысын көрсетпегелі көп болды. Қыста келген Бруно Фернандеш Пол Погбаның орнын басып ұмыттырып жіберген секілді, Мю фанаттарының сүйіктісіне айналды. Дұрысы 27 жасар жартылай қорғаушының абыройы барда, жаңа клуб тапқаны дұрыс сияқты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×