Еуро-2020 қарсаңында: Финляндия құрамасына шолу

20.05.2021, 01:40
Бұл құрама өз тарихында алғаш рет ірі аламанға жолдама алды.
Еуро-2020 қарсаңында: Финляндия құрамасына шолу

Қысқы спорт түрінен алдарына жан салмайтын Финляндия елінің, жасыл алаңдағы аяқ алыстары қалай? Осыған дейін бірде-бір Әлем чемпионаты мен Еуропа чемпионатының финалдық кезеңдеріне жолдама алмаған. Демек, алғашқы ірі ала доп бәсекесінде бақ сынайды.

Финляндия елінің футбол тарихы өзге еуропалық елдермен қатар басталғанына қарамастан қарқынды дамымай қалғанын осы көрсеткіштен байқауға болады. Олар өздерінің ең алғашқы ойындарын 1911 жылы Швецияға қарсы өткізіп, 2-5 есебімен қарсыластарына жол берді.

Бұл құраманың ең ірі есеп тіркеп ұтқан ойыны, Эстония және Сан-Марино құрамаларымен болған матч. Қос елдің басты командаларынан 8 доп айырмасымен басым болды. Алғашқысын 1922 жылы 10-2 есебімен ұтса, келесісіне 2010 жылы жауапсыз 8 гол соқты. Ал, құраманың ірі есеппен ұтылған кезі 1940 жыл. Германиямен ойында қақпаларына 13 доп жіберіп, біреуіне де жауапты гол соға алмады.

Жоғарыда айтқанымыздай ешқандай ірі ала доп аламандарында бақ сынамаған. Осы жылы кешігіп жеткен Еуро-2020 финалдық кезеңіне финдер жолдаманы Италия, Грекия, Босния және Герцеговина, Армения, Лихтенштейн құрамаларымен сарапқа салды. Нәтижесінде 10 ойынның 6 жеңіп, 4 ойында қарсыластарға есе жіберді. Топтан шығуға үміткер басты команда Италияны алға жіберіп, екінші орынмен өздерінің алғашқы еуропа чемпионатына қадам басты.

Бұл құраманың ең үздік сұрмергені Яри Литманен. 32 гол соғып көш бастап тұрған ойыншы ұлттық құрама сапында 1989-2010 жылдары өнер көрсеткен.

2Q==


Теэму Пукки. Иә, осы ойыншының Яри Литманенді басып озып, құраманың үздік сұрмергені болуға мүмкіндігі бар. Қазір Теэмудің ойнап жүргенін ескерсек, оған қоса қоржынында 30 гол бары, рекордты бұзады деген сенімді арттыратын факторлар. Тағы бір айта кететін жәйт, қос шабуылшы да 10 нөмірді арқалаған.

Z


Финляндия құрамасында ең көп ойын өткізген ойыншы да Яри Литманен. Ол құрама үшін 137 мәрте жасыл алаңда бой көрсетті.

2Q==


Маркку Канерва. Бұл бапкер фин футболының тарихын қайта жазып жатқан білікті маман. Финляндия құрамасын алғаш рет еуропаның нөмірі бірінші додасының финалдық сатысына алып шықты.

9k=


Енді, бұл құраманың бағы мен бабы қатар шауып, сәттілік жолдас болса, Бельгия, Дания, Ресей секілді мықты ұжымдарды артқа қалдыруы бек мүмкін. Олар В тобында осы алпауыт құрамалармен келесі кезең жолдамасына таласатын болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×