Еуро-2020 қарсаңында: Голландия құрамасына шолу

25.05.2021, 21:29
Голландия еш қиналмай екінші нөмірмен жолдаманы қанжығалады.
Еуро-2020 қарсаңында: Голландия құрамасына шолу

"Қызғалдақтар" елі атымен бүкіл әлемге танымал Голландияның футболы буын алмасу процессін бастан өткерді. Осы бір аралықта голландиялықтар соңғы әлем чемпионатын көгілдір экраннан тамашалауға мәжбүр болды. Дегенмен, Голландия құрамасы бұл олқылықтың орнын толтырып, араға екі жыл салып өткізілетін Еуропа чемпионатына іріктеу сынынан іркілмей өте білді.

Германия, Солтүстік Ирландия, Белорусия, Эстония құрамаларымен С тобында жолдаманы сарапқа салды. Әрине, бұл топта көптің болжаған нәтижесімен аяқталды. Немістерді алдарына жіберіп, жоғарыда айтқанымыздай еш қиналмай екінші нөмірмен жолдаманы қоржынға салды. Сегіз ойын өткізіп бір мәрте немістің бас командасына жол беріп, бір мәрте Солтүстік Ирландиямен ұпай бөлісті. Қалған ойындардың бәрін ұта білді. Іріктеуде жиырма төрт гол соғып, өз қақпаларынан сегіз допты алып шығуға мәжбүр болды.

Бұл құрама тұсауын 1905 жылы Бельгияға қарсы ойында кесіп, 4-1 есебімен жеңіске жетті. 2011 жылы Сан-Мариноны 11-0 есебімен тас-талқан етіп, өз тарихтарында ең нәтижелі ойын есебінде тіркеді. Ал, 1959 жылы неміс мәшінесінен 0-7 есебімен ұтылды. Құрама үшін ең ірі жеңіліс осы.

Әлемдік футбол аренасында кез-келген құрама санасатындай жүлделер жиынтығы бар.

Он мәрте қатысқан әлем чемпионаттарының үшеуінде финалда сүрінді. (1974, 1978, 2010)

Ал еуропалық елдердің аламанында сегіз рет бақ сынап, біреуінде топ жарды. Ол 1988 жылғы Германия жеріндегі бәсеке еді. Осы турнирдің төрт дүркін қоласына қол созды.(1976, 1992, 2000, 2004)

Сондай-ақ, 1908, 1912, 1920 жылдары олимпиаданың да қолаларымен жүлделер қатары толықты.

Уэсли Снейдер құрама үшін 134 ойын өткізді. Бұл көрсеткіш бойынша ол құрамадағы барлық ойыншылардан озық тұр.

2Q==


Ал, бұл құрамада 50 гол соққан Робин ван Перси - ең үздік сұрмерген.

Z


Алдағы күндері жалауы желбірейтін байрақты бәсекеде Нидерланды құраманы Франк де Бур бастап келмек.

9k=


Голландия құрамасы өткен жылдан бастап осы бапкердің қол астында жаттығады.

Еуро-2020 бәсекесінде С тобында Украина, Австрия және Солтүстік Македония құрамаларымен 1/8 финалдың жолдамасын сарапқа салатын болады.

Серікбол Нақысбек

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×