Еуро-2020 қарсаңында: Уэльс құрамасына шолу

16.05.2021, 23:45
Уэльс құрамасын іріктеуден іркілмей өтті деуге келмейді.
Еуро-2020 қарсаңында: Уэльс құрамасына шолу

Уэльс. Бұл құраманы футбол жанкүйерінің құрама деп тани бастағанына ұзақ уақыт болмады. Бірақ, сіз білесіз бе? Уэльс футболының тарихы өте тереңде. Уэльс саяси тұрғыда Ұлыбританияның құрамында болғанымен, доп додаларында Уэльс құрамасы ретінде бақ сынайды.

Футбол тарихы тереңге кеткенінің тағы бір дәлелі, ең алғаш ойындарын 1876 жылы өткізуі. Осы жылы Шотландиямен өзара мықтылық байқасып, 0-4 есебімен жол берді.

Арада екі жыл өткенде дәл осы құрамадан оңбай ұтылды. Есеп 0-9.

Бұл құраманың ең ірі есеппен 1888 жылы Ирландияны ұтты (11-0).

Уэльс футбол құрамасының осынша ұзақ жылдар тарихы болғандығына қарамастан әлемдік доп додаларында аса табысты өнер көрсете алмады. Бүгінге дейін әлем чемпионатымен, Еуропа бәсекесінің финалдық кезеңіне бір-бір мәрте ғана жолдама ала алды.

Жалғыз ғана жолдама алғаны 1958 жылғы әлем чемпионаты. Бұл құрама сол турнирдің 1/4 сатысына дейін барып, Бразилия құрамасына есе жіберіп, үйлеріне қайтты. Ал, алғашқы Еуропа елдерінің бәсекесінде жартылай финалға жетіп жығылды. Жартылай финалда болашақ чемпиондар Португалиядан айласын асыра алмады.

Уэльс құрамасы айтылса жанкүйерлердің көз алдына бірден Гарет Бэйл келеді. Себебі, шабуылшының Еуропада белді клубтарда доп тебуі танымалдығымен қатар, өз ұлттық құрамасына тигізер көмегін арттырады. Тиісінше Гарет құраманың үздік сұрмергені. Ол осыған дейін 69 ойынға қатысып, 29 голмен көзге түсті.

Z


1982-1997 жылдар аралығында Уэльстің қақпасын күзеткен Невилл Саутолл құрамада ең көп матч өткізген ойыншы. Ол 92 матч бойы Уэльс қақпасын қорғаған.

Z


Хорватия, Словакия, Венгрия, Әзірбайжан құрамаларымен бір топқа түсіп, Еуро-2020 турнирінің финалдық жолдамасын сарапқа салды. Уэльс құрамасы топтан айтарлықтай оңай шықты деуге келмейді. 8 ойынның 2 ойнында ұпай ала алмаса, 2 тең ойынмен қатар, 4 жеңіске қол созып, екінші орынмен Еуропа чемпионатына қадам басты.

Бұл сынға іріктеу кезеңінен команданы бапкер Райан Гиггз алып шықты.

Z


Бірақ, осы жазла өтетін турнирге Роберт Пейдждің баптауымен қатыспақ.

Z


Уэльс өздерінің екінші Еуропа додасындағы аяқ алысын А тобында Италия, Түркия, Швейцария құрамаларымен бастайды. Алғашқы ойындары швейцариялықтарға қарсы болады. Ол ойын маусым айының 12-не жоспарланған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×