Fifa-дан Ufc-ге өтіп кететін бұзақылар

10.12.2020, 04:38
Қирату, сындыру олардың қолынан жақсы келеді
Fifa-дан Ufc-ге өтіп кететін бұзақылар

Олардың басты құралы жұдырық. Олар "білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады" деген мақалды өмірінде естімеген. Олар футбол бұзақылары. Ультрас дейсізбе? Жо-жоқ ультраспен шатасытырмаңыз. Ультрас командаға жанкүйерлік ету үшін жасақталған фанаттар тобы. Оларды қарапайым жанкүйерлерден ажырату қиын жұмыс емес. Ультрастар арнайы футбол атрубуттарымен, флаер, от шашу құралдарымен жасақталған. Әлемдегі ең мықты перфоменс, шоу жасаудан алдарына шаң жуытпайтын "Боруссия Дортмунд" жанкүйерлерінің қиялында шек жоқ. Ультрасты білдіңіздер деп ойлаймын, бұзақыларға келсек. Бұзақылар жүрген шығын. Тыныш тұрған орындықты сындыра салады, қоқысты лақтыра салады, заңдарға қайшы жүреді. Күші тасыған бұзақылар ойыннан кейін көкпарға көшеді. Көкпар деп отқаным, төбелесқой. Бұларға себеп керек жоқ оларға бәрібір командасы ұтты ма, ұтылды ма. Оларға керегі тасыған күшін сыртқа шығару. Көз көгеріп қол алысып кетсе мейлі ғой. Төбелестің соңы ауыр жарақаттарға ұласып, қайғылы жағдаларға алып келіп жатады. Қандары қайнап тұрған бұзақылар Ресеймен, Англия да көптеп кездеседі. Бір Ресейлік футбол бұзақысы сұхбатында: "Біз қарсыласымызды есінен талдырғанша дейін, жаға жыртысамыз, біз ешкімді аямаймыз" деген екен the village сайтынын тілшісіне. Өздерімен төбелесуден кейін тоқтатса мейлі ғой. Футболда осы бұзақылардың қисынсыз әрекеттерінен қарапайым адамдардың жапа шегіп жатқаныда өтірік емес. 1985 жылғы Эйзель оқиғасы заңсыз билетпен ақша тапқысы келген, Ливерпуль бұзақылары 39 адамның өліміне сеп болды. Одан кейін ең ауқымды оқиға 96 Ливерпуль жанкүйер қаза тапқан Хиллсборо оқиғасы. Күллі жұртты түршіктірді. Тіпті осы оқиғадан кейін жанкүйерлер стадионға баруға қорқып қалдық депті. Қазірде технология дамыған заманда стадиондар қауіпсіз, бұзақылық жағдайы тіркелсе, оны барынша алдын алу шарасы басты мензерде тұр. Ультрас бол, бұзақы болма!

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×