Финалиссима. Артемио Франки жүлдесі

01.06.2022, 21:31
Еуропа футболы мен Оңтүстік Америка футболының текетіресі.
Финалиссима. Артемио Франки жүлдесі

Бұл бәсеке Еуропа мен Оңтүстік Америка чемпионының арасында өткізілетін финал. Осыған дейін екі мәрте Артемио Франки жүлдесі болып өткізілген.

Артемио Франки. 1992 жылы қаңтар айында Италияда дүниеге келген. Италия футбол федерациясының президенті, УЕФА президенті, ФИФА атқарушы кеңесінің мүшесі болып қызмет атқарған. Ол 1983 жылы жол апатынан қаза болған. 1985 жылы бастауын алып, екі мәрте өткізілген осы финал, италия азаматының құрметіне Артемио Франки жүлдесі болып аталған.

Z

Тиісінше, 1985 жылы алғаш болып қос құрлықтың чемпиондары Франция мен Уругвай арасында өткізілген. Француздар өз алаңында 2:0 есебімен жеңіп, осы кубоктың алғаш иегері атанған. 1993 жылы Франки финалы жалғасын тауып Аргентинада жалауы желбіреді. Алаң қожайындары Данияны қабылдап, негізі уақытта 1:1 ойнап, ойын соңындағы он бір метірлік серияда басым болды.

Міне, араға жиырма тоғыз жыл салып, бұл финал "Финалиссима" деген атпен жалғасын таппақ.

Енді, бүгінгі "Финалисимаға" оралсақ. Италия - Аргентина.

S1mdYrhSoN+rAWBQ82e2dOwY+qhxNFDtCADrw3mxnIIrqcD9iFxJPD2KbxfwFVlAhh6eRcSQAAAABJRU5ErkJggg==

2020 жылғы Еуропаның үздігі. Финалда Англиядан пенальтилер сериясында басым болған Италия құрамасының қарсыласы,

2Q==

2021 жылғы Солтүстік Американың басты бәсекесінде Бразилия құрамасын финалда 1:0 есебімен ұтып чемпион болған Аргентина құрамасы.

2Q==

Қос құрлықтың алпауыт командалары. Құрамында әлем футболының жұлдыздары өнер көрсететін, өздері қатысатын кез-келген бәсекеде назардан тыс қалмайтын қос ұжымның текетіресі. XXI ғасырдағы алғашқы "Финалиссиманың" жеңімпазын анықтайтын болады.

Бұған дейінгі Еуропа мен Оңтүстік Америка арасындағы мықтылардың финалдағы жеңістерінің есебі 1:1. Бүгін жеңген қай ұжым болмасын, өз еліне ғана емес, өз құрлығына басымдық сыйлайтын болады.

Бұл бәсеке ағылшын жерінде, Лондон қаласында, "Уэмбли" стадионда өтеді.

2Q==

Итплия мен Аргентина, футбол жанкүйерлеріне тамаша футбол кешін сыйлайтынына сенімдіміз.

Серікбол Нақысбек

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×