Хамес Родригес «Атлетикоға» ауысқысы келеді

28.05.2020, 04:50
«Реал Мадридтен» өз орнын таба алмаған Хамес Родригес өзге клубқа ауысатын секілді.
Хамес Родригес «Атлетикоға» ауысқысы келеді

«Реал Мадрид» футбол клубының жартылай қорғаушысы Хамес Родригес мансабын Испания астанасындағы екінші клубта, яғни «Атлетико Мадридте» жалғастырмақ ниеті бар. 28 жасар колумбиялық бұл трансферді талап етуін жалғастыруда, деп хабарлайды Mundo Deportivo.

Хамеске «Ньюкасл Юнайтед» клубынан тиімді ұсыныс түскен, бірақ оны матрасшылардың бас бапкері Диего Симеоненың басшылығымен жұмыс істеу мүмкіндігі көбірек қызықтырады. Клубтар трансфер туралы келіссөздер жүргізуде. «Атлетико Мадрид» ойыншының өзімен де келісуі керек. Басты кедергілердің бірі оның жалақысы, яғни жылына 8,5 миллион еуро екендігі белгілі. «Атлетико» Родригестің бұл мәселеде жеңілдіктер жасағанын қалайды.

Хамес Родригеске бұдан бөлек "Манчестер Юнайтед", "Ливерпуль", "Эвертон", "Ювентус", "Наполи", "Арсенал", "Вулверхэмптон" және "Интер Майами" футбол клубтары қызығушылық танытып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×