Ханзада Месси

29.10.2020, 21:15
Лео Андрес Мессидің ұлылығы жайлы.
Ханзада Месси


Леонардо бір кездері Миланда ойнаған Марадоннаның аңыз ойындарын көрген тұлға ретінде көп пікірлер айтуға құқылы. Бірақ жақсылап ойлап көрсем бұл пікірлер негізінде қаншалықты дұрыс? Ондағы мысал күштері қаншалықты күшті дегенге жауап іздеуге тура келеді. Ойлап қарасаң Бразилиялық футболшының сөзінде жан бардай сезіліп тұрады, бірақ түсіндіруге әрекет етемін. 

Мессидің алаңда амалға асыра алмайтын ешқандай ісі жоқ. Оның мүмкінсіз талантын мойындамаған адамды табуда оңай емес, табылмаса керек. Бірақта, ел одан бірдеңені талап ете береді. Алдындары оны Хави мен Инестасыз ешкім екенін айтқан болатын. Кейінірек Месси ол екеуінсіз өз мықтылығын көрсете берген сайын, ел басқа нәрсені Әлем чемпионы болуды, Марадоннадан мықты болуын талап ете бастады. Бірақ, бұл дүние қанша мықты Әлем чемпионы болалмаған мықтыларды қабылдаған, оларға қол соққан, әлі күнге дейін оларды еске алып жүреді. Демек Мессидің кінәсі неде? Доппен ойнағанда әрқандай қарсыласты алдап жас бала қылып тастайтын Мессидің өзі әлі де жас баладай. Футбол әлемінде ұлы аңыздардың қатарында тұруға бірдеңе жетіспейтіндей, солай емес пе?


Адам өз ойын назарын неге қаратпасын? Әсіресе футбол әлемінде өзі жасап жатқан өмірді, өз өміріне ұқсайтын ертегіні өз өміріне көшіруге, сол ертегінің бас кейіпкері болуға ұмтылады. Ертегіде қаһарман болған ханзадалар аз. Халық оларды қаһарман ретінде қабылдай алмайды, себебі ханзадалардың әрқандай басып өткен өмір жолын ешкім жасай алмайды. Себебі ол үшін ең алдымен хан әулетінде өмірге келу керек. Қарап тұрсаң бұл мүмкінсіз жұмыс. Тағдырын өзгерту адамдардың өз құзырында емес. 

Месси - ханзада. Оның өмірін жасау, жүрген жолында жүру, оның әрекеттерін қайталау іләжсіз. Месси болу үшін алдымен 5 жасыңда Барселона назарына түсуің керек, сен Месси сияқты Барселона патшалығында ұлғайып өсуің және олар саған сенуі керек. Кедей әулетте дүниеге келген қаһарман болса әр бір адымында сынаққа кезігеді, әр адымында өліммен жүзбе-жүз келеді, әр адымында өзінің мықты екенін дәлелдеуге мәжбүр. Міне осындай жәйттар ертегілерге жарасады, міне осылар халыққа жақын. Месси болса ешқашан күреспеген, ол біреуді бәсекеде жеңу, өзін біреуге мойындатуды міндетім - деп сезбеген. Бірақ мұның бәрін дәлелдегені рас. Мәжбүр болмаған түрде барлығын қылған.


Рональдино Мессидің өсуі үшін кедергі болып жатырма, демек Рональдиноны сатамыз, Ибрагимовичтың ойын позициясы Мессиге дұрыс келми жатырма "Хош бол" Златан. Мұндай өмір жолымен адам өз талантын паш етіуі, әлемдегі ең мықты футболшыға айналыуы, жүздеп гол соғыуы, алтын доптарды жинап алуы мүмкін. Бірақ мұны қаһарман дей аламыз ба, ол алаңнан тыс қарапайым киімде, оны тамаша қылып тұрған адамдар алдында мықтылықтың тұтқасы бола аладыма? Әрине жоқ.


Мессидің тек қана алаңдағы сиқырлы әрекетін еске алуға үйренгенбіз. Ол қандай адам, оған не ұнайды, ол бізге ұқсайдыма, оның характері қандай жоқ оны біз білмейміз. Себебі, Месси әлем алдында бірғана тұлға ретінде қалыптаспаған, мүмкін оған әрқашан өзге планеталық атамасының қолданылыуы себеп шығар. Жоқ ол бізден емес, жәй адам емес, ол ешкімге ұқсамайды, ол өзге планеталық, ол-Ханзада. Сол сияқты 2022 жылғы Әлем чемпиянаты футбол әлемі үшін тосын оқиғаларға айналса таң қалма. Себебі Месси 2014 жыл өзінің зор спорт формасында Аргентина құрамасымен бірге финалда жеңіп, әлем чемпионы болуы, жоғарыда біз берген теңеуде образда қалуы мүмкін еді, бірақ сол жеңіліс Месси үшін мүмкіндікке айналды. Оның алдында кедергілер пайда болды, Месси жеңілді, демек олда адам. Оныңда өз осал тұстары бар, олда қателеседі, олда ұтылады.

Ханзадалар ертегі қаһарманы болуы үшін не қылады? Балалыққа қайтып ойлап көрсек ешкімге білдірмей теміршіге шәкірт болады, біз сияқты жәй адамға айналады. Мессиде аңызға айналған жұлдыздардың сапына қосылыуы, алдында пвйда болатын кедергілерді жеңіуі, футбол жұлдызынан футбол аңызына айналу мүмкіндігіне ие. Бүкіл әлемге қарсы тұрған Марадонна сияқты, алған жарақаттарынан мойымай сынбай қайта алаңға орала берген Роналдо сияқты, бірғана сәтсіз орындаған пенальтидың құнын өмір бойы төлеуге мәжбүр болған Баджо сияқты, әлем чемпионы болу Месси жете алмай жатқан жәй шоққы емес. Қатарда болып өтетін мундиал міне осындай ғажайып Ханзада қарапайым адамға айналып, соңында қаһарман болатын ертегі болуы мүмкін. 


Месси ертегі. Бұдан басқа ертегіні, бұдан басқа Мессиді қабылдай алмаймыз.

Қайрат Анарбаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×