Хосеп Гвардиола «Манчестер Ситидің» трансферлік жоспарлары туралы айтты

23.06.2020, 00:58
«Манчестер Сити» жазда күшейеді ме, әлсірейді ме?
Хосеп Гвардиола «Манчестер Ситидің» трансферлік жоспарлары туралы айтты

«Манчестер Сити» бас бапкері Хосеп Гвардиола клубтың жазғы трансферлік терезесіндегі жоспарлары туралы айтты.

«Мен коронавирустың әсерінен қаржылық жағдай өзгерді ме, өзгермеді ме білмеймін. Маусымның соңында көреміз. Мен "Баварияда", "Барселонада" және басқа клубтарда жұмыс істедім, егер басшылық трансферге мүмкіндігіміз жоқ деп айтса, онда солай болғаны. Жоспарлар қай ойыншының қалатындығына байланысты. Мүмкін, келесі екі айда команда алға қадам жасайтын шығар, және біз сол құраммен ойнауды жалғастырамыз.

"Сане? Әзірге Лерой - біздің ойыншы. Ол осы жазда кете ме, әлде келісімшартты аяқтап кетеді ме, білмеймін. Бізде шабуылда жақсы ойыншылар бар. Габриэль Жезус сол қапталда ойнай алады, Фил Фоден де, Рахим Стерлинг те бар. Олардың барлығы сау және бабында, сондықтан олар үнемі ойнай алады. Бізде әр түрлі басымдықтар бар", - дейді Гвардиола Sky Sports-қа берген сұхбатында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×