Катар. Әлем чемпионаты қарсаңында

01.06.2022, 19:56
Ерекшеліктерге толы, байрақты бәсеке.
Катар. Әлем чемпионаты қарсаңында

Катар. 2022 жылға тұспа-тұс келген 22-ші әлем чемпионаты. Бұл дода ерекшіліктерге толы болайын деп тұр. Катарда жалауы желбірейтін бәсеке араға жиырма жыл салып Азия құрлығына қайта оралды. Сондай-ақ, мұсалман елдері арасында да алғаш болып үлкен турнирді Катар қабылдамақ. Бүкіл әлемнің назары ауатын ала доп додасының тағы бір ерекшелігі қыс мезгілінде өткізілуі. Катарда жаз мезгіліндегі ауа температурасының жоғары болуына байланысты ФИФА осындай шешім шығарды. Бұл чемпионатқа қатысатын командалар саны 32. Келесі әлем чемпионатында ұлттық құрамалар санының 48-ге көбейетінін ескерсек, 32 құрама бақ сынайтын соңғы чемпионат болып тарих қойнауына кетпек.

Z

Төрткүл дүние тамашалайтын байрақты бәсеке өз бастауын қараша айының жиырма бірінші жұлдызы алса, он сегізінші желтоқсанға жоспарланға финалмен шымылдығын жаппақ. Катардағы бұл мундиаль, өз тарихындағы ең қысқа әлем чемпионаты болмақ.

Серікбол Нақысбек

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×