«Ордабасы» бас бапкері Андрей Мартин Қазақстан Премьер лигасының 24-турындағы «Қызылжарға» қарсы ойынның қорытындысын шығарды. Шымкенттік ұжым бұл кездесуде 3:0 есебімен сенімді жеңіске жетті, дее хабарлайды Aladop.kz.
Бас бапкердің айтуынша, турнирдің осы кезеңінде футболшыларда «қателесуге құқығы жоқ», сондықтан әрбір матчта тәртіп пен ниет бірінші орынға шығады. Мартин турнирлік кестедегі жағдай мен психологиялық факторды ескере отырып, қалған әрбір ойынның маңыздылығына ерекше тоқталды.
Андрей Мартин команданың дайындығы мен алаңдағы жанқиярлығына жоғары баға берді.
Ол өз сөзінде:
«Жігіттердің ойынға қалай дайындалғанына, қалай күш салғанына өте ризамын. Ойынды ұйымдастыру деңгейі қуантады, команда өзін нық сезінеді.» – деп атап өтті.
Қазіргі уақытта маусымның аяқталуына жеті тур қалды және команда келесі ойынға дайындықты бастауға дайын.