Көптен күткен жеңіс

20.04.2021, 20:35
Барселона 2020/2021 жылғы Испания Король Кубогінің жеңімпазы!
Көптен күткен жеңіс

Барселона 2019/2020 жылғы маусымды ешқандай кубоксыз аяқтады,бірақ бұлттың артынан күн шығады демекші,осы маусымда Испания Корол Кубогінде финалда Атлетик Бильбао 0:4 есебімен жеңіп,алғашқы трофейіне қол жеткізді!

 Бұл ойында Барселона керемет ойын өрнегін көрсетті!Допты иелік ету көрсеткіші 23%-77%,тіпті 1-таймда допты иелік ету көрсеткіші 16%-84% болды.Каталондық клуб ойынға 3 қорғаушы,екі қапталдан шабуылға қосылатын ойыншылармен шықты.Бұл бас бапкердің ойлап тапқан жаңа тактикасы.3 қорғаушы ойыны арқылы қапталдығы ойыншылар еркіндік алады,әсіресе Жорди Альба.Альба шабуылға қосыла кей кезде қорғанысқа қайтуға үлгермей қалып жататын кездер болады.Бірақ қазір Альбаны қорғаушылар артында сақтандырып тұрады.Атлетик Бильбао болса әдеттегідей 4-4-2 схемасымен ойнап,қорғанысқа көп көңіл бөлді. Атлетик Бильбао Барселонаның шабуылына тойтарыс беріп,допты жылдам Иньяки Уильямс мен Рауль Гарсияға жеткізіп қарсы шабуылға шығуды көздеді.Бірақ,бұл жоспарларына жас әрі жылдам Оскар Мингеса мен тәжірибелі Жерар Пике,Клеман Лангле(қатарға қосып қойайық,әйтпесе ренжіп қалар) кедергі болды

Ойынның үздік ойыншысы Месси болғанымен,менің ойымша Френки де Йонг лайықты болған сияқты.Де Йонг керемет ойын өрнегін көрсетті! Екі ассист берді,өзі де гол соқты.2Q==

Альба осы ойында Мессимен түсіністігін жоғары деңгейде екенін тағы да дәлелдеді.Осы ойында Мингесаны атап өтуге болады.Бұл қорғаушының қазіргі ойнымен бастапқы ойнаған 2-3 матчін салыстыруға келмейді.Керемет прогресс!Бұл ойында оң жақ қапталдан шабуылға қосылған Дестті артқы жағынан жақсы сақтандырып тұрды.Кей жерлерде өзіде шабуылға араласты.Ірі денелі,жылдам Иньяки Уильямсті жақсы тұсап ұстады.

Қорыта келетін болсақ,Барселона бұл жеңіске әбден лайық болды.Әрине Мессидің кубокті басынан асырып көтергенін біраз жанкүйерлер күтті және ол орындалды.

Ендігі мақсат-ЛА ЛИГА.Кеше ған Реал Мадрид Хетафе командасымен тең түсті.Бұл каталондық клуб үшін таптырмайтын мүмкіндік!Егер ертең Барселона Хетафе командасын жеңсе,онда кестеде 2 орынға шығады.

Жеңісті күндер көп болсын!

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×