Криштиану Роналду қыста «Манчестер Юнайтедтен» кетуі мүмкін

27.09.2022 09:35 АПЛ

Футболшы клуб басшылығына берген трансферлік өтінімін қайтарып алған жоқ

Криштиану Роналду қыста «Манчестер Юнайтедтен» кетуі мүмкін

«Манчестер Юнайтедтің» шабуылшысы Криштиану Роналду әлі де клубтан кету нұсқасын қарастыруда, деп хабарлайды Manchester Evening News.

Дереккөздің айтуынша, Роналду клуб басшылығына берген трансферлік өтінімін қайтарып алған жоқ және қаңтарда командадан кетуі мүмкін.

Бұған дейін Роналду жазғы трансферлік терезеде «Манчестер Юнайтедтен» кетіп, Чемпиондар лигасында ойнайтын клубқа ауысқысы келген еді. Бірақ португалиялық футболшыны Еуропаның ешқандай командасы керек қылмады.

Роналду «Манчестер Юнайтедте» 2021 жылдан бері ойнап келеді. Португалиялық шабуылшы мен клуб арасындағы келісім-шарт 2023 жылға дейін есептелген. Роналду осы маусымда «қызыл сойқандар» үшін 8 ойынға қатысып, 1 гол соқты.

0 пікір