Роберто Манчини Италия құрамасының тарихындағы үздік бапкердердің қатарына енді

27.09.2022, 19:29
Манчини аты аңызға айналған бапкер Арриго Саккиді қуып жетті.
Роберто Манчини Италия құрамасының тарихындағы үздік бапкердердің қатарына енді

Италия құрамасын жаттықтыратын 57 жастағы маман Роберто Манчини УЕФА Ұлттар лигасының 6-турында Венгрияны 2:0 есебімен жеңіп, керемет жеиістікке қол жеткізді, деп жазды Opta статистикалық порталы.

Дереккөз атап өткендей, Манчини Италия құрамасындағы жеңістер саны бойынша аты аңызға айналған бапкер Арриго Саккиді қуып жетті - екеуінде де 34 жеңістен бар, бірақ бұл үшін Манчиниге 55, ал Саккиге 53 матч қажет болды. Манчинидің енді Энцо Беарзот (88 матчта 40 жеңіс) пен Витторио Поццоның (95 кездесуде 63 жеңіс) рекордын жаңартуға тырысады.

Еске салайық, Манчини Италия құрамасын 2018 жылдың мамырында тізгіндеген еді, оның жетекшілігімен «Скуадра Адзурра» 2020 жылғы Еуропа чемпионатын жеңіп алды, бірақ Катардағы әлем біріншілігінен тыс қалды. Оның ұлттық құрамамен келісім-шарты 2026 жылдың 30 маусымына дейін есептелген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×