Құрбан Бердиев жаңа командасындағы алғашқы ойынын өткізді

04.08.2024, 21:22

“Қайрат” ФК бапкері болып қызмет жасаған Құрбан Бердиев “Тұран” Товруз командасымен Әзербайжан чемпионатын бастады. 

Құрбан Бердиев жаңа командасындағы алғашқы ойынын өткізді

Бірінші турда бапкердің командасы ішкі чемпионатта абырой мен атағы бар “Нефтчи” командасымен тең тарқасты. 90 минут қорытындысы бойынша қос команда бір-біріне гол соға алмады. Алғашқы ұпайына қол жеткізген “Тұран” турнирлік кестеде 6 орынға жайғасты.

71 жастағы маман қазақстандық жанкүйерлерге “Қайрат” командасын жаттықтыруымен танымал болған. Алматылық ұжыммен бірге Құрбан Бердиев ішкі чемпионаттың қоласы мен ел Суперкубогын жеңді. 

Бекиұлы Бердиев Тұран бапкері қызметінде Айхан Аббасовты алмастырды. Оған дейін мүфти лақап атымен танымал болған футбол функционері “Динамо” Махачкаланы баптап келді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0

Тегтер:

Қайрат ФК
Серіктес жаңалықтары
×