Куадрадо Қытайға кетуі мүмкін

27.12.2020 18:17

«Ювентустың» жартылай қорғаушысына қытайлық командалардан ұсыныс түскен

Куадрадо Қытайға кетуі мүмкін

Туриндік "Ювентустың" жартылай қорғаушысы Хуан Куадрадо қытайлық командаға ауысуы мүмкін. Calciomercato-ның хабарлауынша, колумбиялыққа Қытайдан бірнеше клубтардан ұсыныс түскен. Қызығушылық танытып отырған командалар Куадрадоны осы қыста сатып алуды көздейді. Алайда "Ювентус" ойыншыны сатуға қарсы. Оның үстіне, Куадрадоның өзінің де ол жаққа кетуге құлшынысы жоқ көрінеді.

32-жасар Колумбия құрамасының ойыншысының "Ювентуспен" арадағы кеілісім-шарты 2022 жылдың жазына дейін жарамды.

0 пікір