Лапортаның билігі қандай болмақ?

26.02.2021, 04:02
Жоан Лапорта «Барселонаның» президенті болуына бір қадам қалды.
Лапортаның билігі қандай болмақ?

Иә, "Барселона" қазіргі таңда дағдарыстың көкесін көріп жүр. Клубта не президент, не асып тасқан ақша жоқ. Бұның барлығын ретке келтіре алатын адам ол - клуб президенті. Аз күндерден кейін каталондықтардың президентімен таныстатын боламыз. БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, клубтың тізгінін Жоан Лапорта алатынына өте сенімді. Бұл президенттің клубқа деген қандай жобалары бар екен? Бірге танысып, көретін боламыз.

"Мен Ла-Масияны сүйемін"

1-ші жоба: Жоан Лапортаның сөзінің өзі жастарға сенетінің айқындап тұр. Лапорта "Барселона" клубын биік тұғырға осы "Ла-Масия" арқылы жеткен болатын. Осы жобаны клубқа орала салысымен қолға алатынын нық сеніммен айтты.

2-ші жоба: Клуб аңыздарың командаға әкелу. Лапорта кезіндегі Пуйоль, Вальдес, Хави сынды саңлақтарды клубқа алу үшін барын салатынын айтты. "Аңыздарды клубқа әкелу арқылы "Барселона" философиясын жандандыруға болады" - деп Лапорта қысқа қайырған болатын тілшілерге.

3-ші жоба: Әйелдер футболын қарқынды дамыту. "Барселонаның" әйелдер командасы осы кәрі құрлықтағы ең үздік команда екенің біраз жанкүйерлер біледі. Жоан Лапорта екі футболды қатар ала жүріп, жетістікке жетеніне сенеді. Әйелдер футболына "Ла-Масия" академиясын ашудыда қолға алатын өз жобасын таныстыру кезінде топшылаған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×