Люксембург-Қазақстан: Ұлттық құрама деңгейіндегі тұңғыш кездесу

Мұқашұлы Мұрат
Мұқашұлы Мұрат
Бас редактор
23.03.2024, 13:31

Грекиямен болған ойын қалай өтсе де тарих болып қалды. Енді Люксембургке дайындалу керек. Жолдастық кездесу алдындағы жігіттердің көңіл-күйін түсінуге болады. Бірақ, Бахтиер Зайнутдинов бастаған қазақстандық футболшылар жігерін бойына жинап, жанкүйер үшін барын салуы керек. Ал біз Люксембург туралы аз-кем ақпаратымызбен бөлісе отырайық.  

Люксембург-Қазақстан: Ұлттық құрама деңгейіндегі тұңғыш кездесу

Ең сәтті іріктеу компаниясы 

Люксембург соңғы жылдары футболы өркендеген құраманың бірі. Айқын дәлелі соңғы іріктеудегі  - 17 ұпай. Бір топта тек жойқын Португалия мен қайта жанданған Словакияны ғана алдына жіберіп алды. Ал кеше Израильді тас-талқан еткен Исландия, Босния мен Лихтенштейнді бұйым көрген жоқ. Жалпы, өткен іріктеу Люксембург тарихындағы ең сәтті компания саналады. Сондықтан командада анық "подьем" байқалады. Вини Саньольдің командасының фонында да соншалықты қорғансыз көрінген жоқ. Тек сол жекелеген орындаушылардың шеберлігі жетіспегені болмаса, жұма күні Грузия айтарлықтай басым болмаған еді (2:0). Люксембург те Қазақстан секілді Ұлттар лигасында табысты өнер көрсетуде. Соңғы компанияда Түркияға ғана шамасы жеткен жоқ. Фареры аралдары мен Литваны артқа тастап тобында екінші орын алды. 

Люксембургтің - 30,83 млн еуросы, Қазақстанның - 21,85 миллионына қарсы

Люксембург құрамасындағы футболшылардың дені өзге ел чемпионаттарында доп тебеді. Ең қымбат футболшы - Леандро Барейро. Бірнеше маусым "Майнцтің" негізгі құрамында ойнайтын жартылай қорғаушы Люксембург құрамындағы ең тәжірибелі ойыншы. Команда сапында 52 ойынға қатысқан Бундеслига өкілінің нарықтық құны бақандай 14 миллион еуроға тең екен. Мұндай қымбат футболшы Қазақстанның құрамында жоқ. Салыстырмалы түрде біздегі ең қымбат Бахтиер Зайнутдинов (Бешікташ) - 6 миллион еуро. Ал қос құраманың жаппы бағасына келсек. Сәрсенбіде Люксембургтің - 30,83 млн еуросы, Қазақстанның - 21,85 миллионына қарсы тұрады. 

Ұлттық құрама деңгейіндегі тұңғыш матч

Люксембург пен Қазақстан Ұлттық құрама деңгейінде әлі ресми матчта кездесу өткізіп көрмепті. Осыған дейін тек 2017 жылы қос елдің жастар құрамасы Еуропа біріншілігіне іріктеу матчы аясында жолыққан. Ол ойында Қазақстан қарсылас қақпасына жауапсыз үш гол салған болатын. Жалпы, 21 жасқа дейінгі жастар құрамасы екі бәсекеде де Люксембургті 3:0 есебімен ұтып кеткен еді. Ал Люксембург пен Қазақстан ересектер деңгейінде тұңғыш рет осы сәрсенбіде жолықпақ.
Айта кетейік, Люксембург пен Қазақстан 27 наурызда кездеседі. Матч Астана уақытымен 00:45-те басталады

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 15
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×