«Манчестер Юнайтед» несие алуға мәжбүр болды

28.05.2020, 16:14
«Қызыл сойқандардың» несие алуына не себеп болды екен?
«Манчестер Юнайтед» несие алуға мәжбүр болды

Manchester Evening News басылымының хабарлауынша "Манчестер Юнайтед" футбол клубы 140 миллион фунт стерлинг несие алды, және оны жазғы трансфер кезеңінде жаңа ойыншылар сатып алуға пайдаланбақшы.

Футболға коронавирустық пандемиядан туындаған қаржылық дағдарыс "қызыл сойқандарға" қатты әсер етті, 21 мамырда шығарған "Манчестер Юнайтедтің" қаржылық есептері трансляциядан, матчтан түсетін және бөлшек сауда кірісінен түсетін пайданың күрт төмендегенін, сондай-ақ клубтың таза қарызының 429,1 миллион фунтқа дейін күрт өскенін көрсетті.

"Юнайтедтік" клубқа несие желісі 2025 жылдың сәуіріне дейін ашылған. Және мүмкін болған 150 миллион фунт стерлингтен 140 миллион фунт стерлингті алды. Мәміленің агенті және сенімді басқарушысы "Bank of America" болды.

Көптеген клубтар жаңа ойыншыларды алу үшін несиені пайдаланбауға тырысады, алайда егер сатып алынған ойыншылардың трансферлік құны жоспарланған сатылымнан асып түсетін болса, онда бұл қадам өте қисынды көрінеді.

Айта кетейік «Манчестер Юнайтед» АПЛ-де 29 турда 45 ұпай жинап, 5-ші орынға жайғасқан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×