“Манчестер Юнайтед” пен “Манчестер Сити” соңғы үш жылда алғашқы рет тең ойнады

13.12.2020, 07:09
Қос мықтының текетіресінде есеп ашылмады.
“Манчестер Юнайтед” пен “Манчестер Сити” соңғы үш жылда алғашқы рет тең ойнады

Англия Премьер лигасының 12-тур аясында “Олд Траффордта” өткен кездесуде есеп ашылмады.

Осылайша қос клуб соңғы үш жыл ішінде алғашқы рет тең ойнап, бірде-бір гол соқпады. Соңғы рет 2017 жылы 27 сәуірде Премьер лиганың 26-турында таблода 0:0 есебі тіркелген еді.

Ойыннан кейінгі бапкерлердің пікірі:

Хосеп Гвардиола: “Жеңіске жету үшін мүмкіндіктеріміз көп болды. Маңыздысы гол өткізіп алмадық. Шабуылда өткірірек болуымыз қажет”.

Оле-Гуннар Сульшер: “Ойын шиеленісті өтті. Өткен маусымда оларды бірнеше рет жеңгенбіз. Оларда бірнеше мүмкіндік болды, бірақ біз қорғаныста өте тамаша ойнадық. Бәрі тең нәтижеге қанағаттануы тиіс”.

“Қызыл сойқандар” 11 ойыннан кейін 20 ұпай жинап, сегізінші орында тұр. Ал “қалалықтар” 11 ойында 19 ұпай жинап, “Юнайтедтен” бір саты төмен жайғасқан.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×