Маркус Рэшфорд Ағылшындық һас талант

29.07.2020, 00:37
Талантты Рэшфорд жайлы азды-кем.
Маркус Рэшфорд Ағылшындық һас талант

Жалпы менің бір нақты бір ойыншының жанкүйері емеспін. Біржақты жанкүйерімін. Ұнайтын ойыншылар өте көп. Солардың ең ерекшесі Ағылшындық жас талант шабуылшы 22 жасар Маркус Рэшфорд. Бұл жігіт мектеп оқып жүрген кезінде 17 жасында Мю де ойнап танылған жігіт. Бұл жігіттің бағын ашқан атақты Голандия ұлттық құрамасының бапкері болған Луй ван Гал болатын, негізі қазіргі Манчестер Юнайтедте ойнап жүрген жас таланттың көбісін сенім артып алаңға шығарған сол кісі болған. Рэшфорд қателеспесем алаңға шыға сала дебюттік ойынында гол соғып үлгерген.Шыққан ойындарында голды жаудырған 17-18 жасында.Сөйтіп осылай Мю дің негізгі шабуылшысына айналды. Дәл қазір Рэшфордсыз Мю ді елестету өте қиын.Тіпті бұл жігітке Барселона өзі қызыққан. Бірақ нағыз Мю үшін жаралған ойыншы. 

Тіпті Англия ұлттық құрамасына шақырылып, негізгі құрамға шығып жүрген жәйі бар жазда 2018 ж әлем чемпионатында мүмкіндік бере қоймайды, көп әйтпесе көп уақыт бергенде көрсетер еді. Англияның болашағы. Көптеген мамандар әлемнің үздік ойыншысы болады деген секілді теңеулер айтылып жүр. Алаңнан тыста ерлігі жетерлік. Жақында Aladop.kz сайтында Рэшфорд-Қаһарман. Парламент шешімін өзгертті атты мақала жаряланған болатын. Мақаланы толық оқып аласыздар. Мақала бойынша Рэшфорд кішкентай балалардың қамын ойлап, аз қамтылған отбасылардың балаларының тоқ жүруі үшін басында қайрымдылық ұйымдастырып, 20 млн фунт жинап балалардың тамағына жұмсаған және мектепте оқитын аз қамтылған балаларға тегін тамақ берілген . Бірақ әліде болса ондай мүмкіндік жетепейтіндер көп болғандықтан Англия парламентіне арнайы хат жазған екен. Маркустың өзіде кезінде аз қамтылған отбасынан шыққан бала болған екен. Бұл хатын бүкіл Англия қолдап ақыры талабы орындалып, аз қамтылған отбасылардың балаларына жағдай жасалынып,арнайы парламенттен ақша аударылған екен. Міне Рэшфорд осындай ұлы іс жасаған екен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×