Менің футболға жанкүйерлік етуім немесе Еуро 2012 естелігі

11.06.2020, 01:13
Менің футбол туралы естелігім
Менің футболға жанкүйерлік етуім немесе Еуро 2012 естелігі

Сонымен баяндасам алғашқы рет көрген ірі жарысым ол Еуро 2012 болды. Сол кезде көзіме оттай басылған есімде қалғаны Марио Балотелли бастаған Италия, Жо Харт атты мықты қақпашысы бар Англия,Фернандо Торрестей сұрмергені бар Испания, Криштиану Роналдуы мен Пепе бар Португалия, Марио Гомес деген шабуылшысы бар Германия құрамасы еді. Есімде мәңгі қалғаны жартылай финал Италия мен Германия кездесіп,Марио Балотеллидің қос голы Италияны финалға алып шыққан еді.Сол кезде Балоттеллидің сайыпқыран шағы еді. Өзінің гол тойлайтын қызық әдісі бар сол есімде. Ал екінші жартылай финалдық ойында Испания мен Португалия кездесіп,тәжірибелі испан қорғаушылары Криштің адымын аштырмай нәтижесінде пеналтиге барып Испания құрамасы финалға шығып кетті. Ал финалда Италия Испанияға оңбай ұтылды.Италия қақпасына жауапсыз 4 гол соғылған. Солай Испания 2 дүркін Еуропа чемпионы атанған еді.

Өздеріңіз білетіндей мен Манчестер Юнайтед жанкүйерімін. Ол қалай болды десеңіз ең алғаш көрген клубтық чемпионаттардан көргенім АПЛ болды.2011-2012 ж маусымда қателеспесем Аплды 7 арнадан көрсететін соны ұйықтамай әрбір ойынды көретінмін. Суонси мен Манчестер Юнайтедтің ойынын көп көретінмін Суонсиде Мичу деген Испандық ойыншы ұнайтын жұлдызды шағы еді. Манчестер Юнайтедте Руни мен Ван Перси ұнайтын. Балалығымба Перси дегенді Пепси деп оқып солай атап жүргенмін

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×