Месси тағы да басым...

26.03.2015, 04:31
Месси тағы да басым...
Каталониялық «Барселона» клубының шабуылшысы Лионель Месси өткен жылдың қорытындысы бойынша Мадридтік «Реал» шабуылшысы Криштиану Роналдудан жеке табысы бойынша басым түсті. Месси 2014 жылы 65 млн еуро табыс тапса, Криштиану Роналду 54 млн еуро табыс тапқан. Үшінші орында тағы бір «Барселона» өкілі Неймар Да Силва Жуниор 36,5 млн еуро табыс тапқан – деп хабарлайды France Football. Табыс мөлшерін анықтау кезінде спортшылардың жеке келісімшарты мен жарнамадан түскен табысы қоса есептелген. 2014 жылғы ең жоғарғы табыс тапқан футболшылардың үздік ондығы төмендегідей: 1. Лионель Месси (Аргентина, "Барселона") - 65 миллион еуро, 2. Криштиану Роналду (Португалия, "Реал") - 54, 3. Неймар (Бразилия, "Барселона") - 36,5, 4. Тиаго Силва (Бразилия, "Пари Сен-Жермен") - 27,5, 5. Робин ван Перси (Нидерланды, "Манчестер Юнайтед") - 25,6, 6. Гарет Бейл (Уэльс, "Реал") - 23,8, 7. Уэйн Руни (Англия, "Манчестер Юнайтед) - 22,5, 8. Златан Ибрагимович (Швеция, "Пари Сен-Жермен") - 21,5, 9. Серхио Агуэро (Аргентина, "Манчестер Сити") - 21,2, 10. Роберт Левандовский (Польша, "Бавария") - 20,2.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×