Пенальтиді орындау үшін төбелесіп қала жаздады (Видео)
26.03.2015, 02:37
Қытай чемпионатының кезекті турындағы «Гуйчжоу Жэньхэ» мен «Шанхай Шэнсинь» матчында қызықты оқиға орын алды. Қонақтардың екі футболшысы он бір метрлік айып соққысын орындауға таласып қалды.
Алаң иелері өз айып алаңдарында шанхайлық команданың ойыншысына қарсы ойын тәртібін бұзды. Қонақтар сапынан пенальтиді тебуге команда капитаны Кшиштоф Мажинский мен бразилиялық Рикардо Сантос келді. Қос ойыншы біраз уақыт кімнің пенальтиді орындайтынын шеше алмай, тұрып қалды. Нәтижесінде, бұл «дуэльде» Мажинский жеңімпаз атанды. Бірақ Сантос іштей қарғады ма, жоқ капитан қатты қобалжып кетті ме, әйтеуір, таласып тұрып орындаған пенальтиін голға айналдыра алмады.
Мажинскийдің сәтсіздігіне қарамастан «Шанхай Шэнсинь» 2:1 есебімен жеңіске жетті.
КПЛ-ға тиімді ставкалар мен арнайы акцияларды FONBET ұсынады – Қазақстандағы ең үздік VIP-бағдарламасы бар букмекер. Жаңа клиенттерге осы сілтемемен, ALADOP промокоды арқылы тіркелгенде, FONBET алғашқы шотты толықтырғаны үшін 200 000 теңгеге дейін бонус береді: http://www.fonbet.kz/s/21Xe9a