Месут Өзіл «Алтын допты» армандайды

26.03.2015, 17:40
Месут Өзіл «Алтын допты» армандайды
Лондондық «Арсенал» мен Германия құрамасының жартылай қорғаушысы Месут Өзілдің айтуынша, «Алтын допты» жеңіп алуды оның арманы екен. «Егер табысты өнер көрсетіп, денсаулығым жақсы болса, алдағы бірнеше жылдың ішінде «Алтын допты» жеңіп алғым келеді. Мұның шындыққа айналуы әбден мүмкін. Мен әлем чемпионымын, Англия чемпионатында топ-клубта өнер көрсетемін. Мұнда Испания мен Германияға қарағанда физикалық сынақтар өте көп. Матч сайын бір жерім көгеріп қалады, бірақ бұл мені тек мықтырақ қылады. Бұрынғыға қарағанда физикалық тұрғыда мықты болдым. Естеріңізге сала кетейік, 26 жастағы футболшы былтыр Германия құрамасымен әлем чемпионы атанып, «Арсеналмен» бірге Англия кубогында топ жарған болатын.  
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×