Меркельдің орнына Қожамберді

26.03.2015, 17:40
Меркельдің орнына Қожамберді
жарақат алған Александр Меркельдің орнына «Тараздың» жартылай қорғаушысы Жақып Қожамберді Қазақстан ұлттық құрамасына шақырту алды. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының баспасөз-қызметі хабарлап отыр. Жақында ғана Қазақстанның азаматтығын алған «Грассхоппердің» ойыншысы Александр Меркель жарақатына алып қалып, алдағы матчтарда командамызға көмектесе алмайтын болды. Жақып Қожамберді Молдоваға қарсы жолдастық кездесуде алаңға шығып Қазақстан құрамасындағы дебюттік ойынын өткізген болатын. Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан – Исландия матчы 28 наурызда Астана уақытымен 21:00-де болады.  
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×