Қазақстан мен Исландия матчында гректер төрелік етеді

26.03.2015, 17:40
Қазақстан мен Исландия матчында гректер төрелік етеді
ЕУРО-2016 іріктеу кезеңі аясындағы Қазақстан мен Исландия ойынында Тасос Сидиропулос бастаған грекиялық төрешілер бригадасы қазылық етпек. Бұл туралы Исландия футбол федерациясының ресми сайты хабарлады. Сидиропулосқа алаң жиегінде Дамианос Эфтимиадис пен Полихронис Костарас көмектеседі. Қосымша рефери қызметіне Михаил Кукулакис пен Илиас Спатас тағайындалды, ал резервте – Христос Акривос. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан мен Исландия матчы 28-ші наурызда Астана уақытымен 21:00-де басталады.  
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×