Модрич «Реалмен» келісім-шартын ұзартады

27.12.2020 12:53

Хорват «Реалда» қала береді

Модрич «Реалмен» келісім-шартын ұзартады

Marca-ның берген ақпараттарына сенсек, мадридтік "Реалдың" жартылай қорғаушысы Лука Модрич клубпен келісім-шартын ұзартады. Болжам бойынша, келісім тағы бір жылға, яғни, 2022 жылдың 30 маусымына дейін ұзартылады.

Еске сала кетейік, Лука "королдік" ұжымға 2012 жылы ағылшындық "Тоттенхэмнен" ауысып келген болатын. Одан бері 4 мәрте Чемпиондар лигасын, 2 мәрте Испания чемпионатын, 1 рет ел кубогын және 3 тағы рет Испания суперкубогын жеңген болатын.

0 пікір