Неймар-Мбаппе VS Левандовски-Мюллер

23.08.2020 14:44 Болжамдар

Финалға болжам жаздым.

Неймар-Мбаппе VS Левандовски-Мюллер

Оңайбаевтан финалдық ойынға болжам:

ПСЖ-Бавария

Финалда фаворит жоқ екенін талай мәрте көргенбіз. Финал қателікті кешірмейтінінде жақсы білеміз, кім қателік жібермейді, сол команда жеңеді!

1. Екі команда осы кезге дейін жеңіл жолмен жүріп келді, өз деңгейіне сай мықты қарсыласқа кездеспеді десекте болады: ПСЖ: Боруссия Дортмунд-Аталанта-РБ Лейпциг (ЧЛ-да тәжірибесі аз командалар)

Бавария: Челси(Жаңа бапкер-жаңа жас құраммен-академиядан шыққан тәжірибесіз ойыншылар)- Барселона(Кризисте келе жатқан, командасы құрдымға кетуге жақын)-Лион(жартылай финалға таңғажайып жолмен шыққан, Лигада ТОП-10-ға әрең ілінген команда)!

2.Бавария командасының тұрақсыз қорғанысы, оны өткен ойындарда бірнеше рет көрдік, Барселона матчында алғашқы 15 минутта бірнеше қателік жіберіп гол жіберіп алды, онымен қоса Барселона 2-3 гол салатын мүмкіндіктен штангаға тигізіп қалт жіберді, тіпті есептен алға шығатын мүмкіндікте болды.

Лионға қарсы ойында да бірнеше жіберілген қателіктер, Депай мен Экамби бірнеше рет қақпашымен жеке дара шығып, мүмкіндікті пайдалана алмай қалды. Тіпті 100% мүмкіндіктен айырылып қалды. Ойынның алғашқы 20 минутында Лион 2-0 есебімен алға шығуына мүмкіндік болды!

3. 2 бапкерде неміс және Тухель Бундеслига командаларын өте жақсы біледі. Осы кезге дейін РБ Лейпциг, Боруссия Дортмундты жеңіп өтуі осыған дәлел! Баварияның әрбір ойыншысына қарсы қандай тактикада ойнау керектігін бес саусағындай біледі.


4.Осы ойында көрермен Бавариядан көп гол күтеді, бырақ ПСЖ қорғанысы әлсіз емес: Топтық кезеңде-6 ойын ішінде 5 ойында қақпасына гол жібермей жеңіске жеткен. Ширек финалдық кезеңде- 4 ойын өткізіп 2 ойында қақпасына гол жібермей, қалған 2 ойында бар жоғы 2 гол жіберген! ПСЖ қорғанысы Баварияға қарсы тұратындай мығым!


Менің өз болжамым: 1Х+ТМ(4,5) - 2,4

Обладатель кубка 1 ком - 2,43

ИТБ1 (1,5) - 2,06 


Финалдық ойын бұл эмоция, атмосфера! Қай жерде эмоция көп сол жерде азарт және үлкен ұтылыстар болады! Сондықтан финалдық ойынға үлкен сомада, көп қаражат тікпеуге кеңес беремін! Финалдық атмосфера ойыншыға әсер етіп , үлкен қателікке әкеліп соғуы мүмкін! (Мыс: Кариус)

Aladop.kz ВКонтакте желісіндегі парақшасына тіркеліп кетіңіздер!

Сәттілік, достар!

13 пікір

  1. Асылбек Саудабеков

    3:1 ПСЖ Бавария

  2. Асылбек  Саудабеков

    ПСЖ Бавария 3:1

  3. Асылбек  Саудабеков

    ПСЖ Бавария 3:1

  4. Есенкелді Маңғыстауов

    Бавария 4:2 ПСЖ Бавария сенімд түрде ЖЕҢЕДІ

  5. Шынгыс пазылбек

    Псж 3-1 бавария Номер киви 77009594099

  6. Асқар Нурмаганбетов
  7. Аманер Нәсіпқожа

    3-2 ПСЖ жеңеді

  8. Антон Антонов

    Антон Антонов

    23.08.2020 17:01

    Псж 2 3 Бавария

  9. Антон Антонов

    Антон Антонов

    23.08.2020 16:59

    Псж 2 3 Бавария

  10. Байболсынов Жандос

    2:1 Псж Бавария 3:2 Псж:Бавария