Неміс Бундеслигасына болжам

14.05.2020, 12:32
Асыға күткен, неміс чемпионатына болжам.
Неміс Бундеслигасына болжам

Карантин жарияланғаннан кейін алғаш болып "Бундеслига" өз жалғасын таппақ. Нақтылап айтатын болсақ мамырдың 16-сы, 26-шы турдың шымылдығы ашылатын болады.

Сағат 19:30-ды көрсеткенде Дортмундтық Боруссия үйінде Шалькені қабылдайды. Бұл теке-тіресте қай команданың фаворит екені анық. ЧЛ ұшып кеткен дортмундықтар бар күшін ішкі чемпионатқа салары айтпасада түсінікті. Бұл матчта голды да көптеп көреміз деп ойлаймын. Себебі, шабуылдағы әлеуетті жастары бар Боруссия, соңғы ойындарын сүреңсіз өткізген Шалькенің қақпасына, футболмен шөліркеп жүрген көрермен айызын қандырарлық голдар салады деп үміттенеміз.

Осы матчпен қатар чемпионаттағы төрт ойын болады. Олар:

1) Аугсбург Вольфсбургты қабылдайды. Бұл ойында Вольсфсбургтың басымдылығы бар.

2) Лейпциг Фрайбургпен күш сынаспақ. Трансферлік науқанда біраз ойыншысын жіберуі мүмкін Лейпциг ойыншылары бабында болса, ЧЛ-сындағы жарқын жеңістен жігерленген олар Фрайбургты біраз қинап тастайды-ау? Сонымен қатар Лейпцигтің биылғы маусымда чемпиондықтан үміті бар команда екенінде естен шығармаған жөн.

3) Герта Хоффенхаймға қонаққа баратын болады. Турнирлік кестенің ортан беліндегі командалардың айқасында Хоффенхайымның сәлде болсын басымдығы бар. Оған үйінде ойнайтынын қоссақ, әрине өз жанкүйерлерінен қолдау болмаған күннің өзінде, таныс алаң, таныс жер деген факторлардың ықпалы болатыны рас.

4) Чемпионаттың биылғы жаңа қатысушылары Фортуна мен Падерборн да осы күні шеберлік байқаспақ. Падерборын үшін чемпионатта қалу мәселесі қиындау. Ал Фортуна болса үйдегі ойындарында мейлінше ұпай жинап қалуға тырысатын болады. Оның үстіне қарсыласы екінші лигадан бірге келген Падерборн болса, бұл жақсы мүмкіндік.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×