Невилл: «Погба - «Манчестер Юнайтедте» ойнайтын әлемдік деңгейдегі жалғыз ойыншы»

23.06.2020, 04:12
Жарақат ала бермегенде мұны дәлелдейтін еді...
Невилл: «Погба - «Манчестер Юнайтедте» ойнайтын әлемдік деңгейдегі жалғыз ойыншы»

«Манчестер Юнайтед» клубының бұрынғы капитаны Гэри Невилл француз жартылай қорғаушысы Поль Погба туралы пікірімен бөлісті.

«Еуропадағы экономикалық проблемалар командаларға жаңа ойыншыларға 80-100 миллион жұмсауға мүмкіндік бермейді деп үміттенемін, ал «Манчестер Юнайтед» Поль Погбаны командада қалдыра алады. Менің одан сұрайтыным - клубқа адал болуы. Мен ол "Манчестер Юнайтедте" ойнайтын әлемдік деңгейдегі жалғыз ойыншы деп санаймын. Екі жыл бұрын мен әлемдік деңгейдегі ойыншы деп Давид де Хеаны атай алар едім», - деді Невилл Goal.com сайтына берген сұхбатында.

Погбаның "Юнайтедпен" келісімшарты 2021 жылдың 30 маусымына дейін есептелген. «Қызыл сойқандар» ойыншымен келісімшартын тағы бір маусымға ұзарту туралы опцияны қолдана алады. Осы маусымда 27 жастағы футболшы Англия Премьер-лигасының 8 ойынында 3 гол соққан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×