Нұралы Әліп жайлы қызықты деректер

19.03.2024, 10:45

Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп Еуропа чемпионатының іріктеу ойындары аясында Словенияға қарсы өткен матчта алған сары қағазының салдарынан Грекиямен болатын кездесуден тыс қалды.

Нұралы Әліп жайлы қызықты деректер

Ұлттар Лигасының өтпелі ойындары 2024 жылдың наурыз айында өтеді. Бұл сында жеңіске жеткен құрама биыл Германияда өтетін кәрі құрлық біріншілігіне тікелей жолдама алмақ. Бүгінде «Зенит» сапында ойнайтын Нұралы Әліп маңызды матчты көрермен ретінде тамашалауға мәжбүр. Қазақстан ұлттық құрамасы, Еуропа чемпионатының іріктеу ойындарында 18 ұпайға ие болды.Іріктеу кезеңдерінде отандық аяқдоп шеберлері Финляндия, Дания, Солтүстік Ирландия, СанМарино құрамаларынан басым түсіп, турнир кестесінде төртінші орынға тұрақтаған.

Нұралы Әліп жайлы әр түрлі пікірлер

Спорт сарапшысы Әбдіқадыр Сабыр, Нұралы Әліптің Грекияға қарсы ойынға қатыспайтыны Қазақстан ұлттық құрамасына кері әсерін тигізуі мүмкін деді. “Себебі қарсыластарымыздан біздің қақпаға көптеген доптар баратыны анық. Нұралы Әліпсіз ойын қиын болады. Әліптің артықшылығы алаңды көре біледі. Қаншама голды қақпаға жібермей тойтарыс берген. Осындай мықты мінезді қорғаушымыздың алдыңғы шепте тұрып Грекия мен қарсы ойынға қатысқаны жақсы болар еді, бірақ амал жоқ. Бір өкініштісі, Словенияға қарсы өткен ойында сары қағаз алғаны бұл ойынға шығуына тосқауыл болып отыр. Нұралы Әліпті “Манчестер Юнайтед” алады деген сыбыс бар. Расталса сол жаққа ауысып кеткені дұрыс болар еді. Ол негізі Магуайерден жақсы ойнайды”.-дейді Ә.Сабыр. Қазақстан ұлттық құрамасының мінезді қорғаушысы Нұралы Әліптің Алаш жұрты аңсаған додаға қатыспайтыны кей адамдар үшін бәрібір. “Нұралы Әліптің орнына шығатын басқа да мықты қорғаушылар бар. Құдайға шүкір, Нұралы Әліпке қарап қалған жоқпыз, қатыспаса да біздің Ұлттық құрамамыз осал болып, ақсап қалмайды. Асхат Тағыберген, Бақтиер Зайнутдинов, Абат Айымбетов сияқты мықты ойыншыларымыз бар. Олар бұл ойында жақсы нәтиже көрсетіп үмітімізді ақтайды деген ойдамын” дейді Әлемнұр Қуандыққызы.

Нұралы Әліп «Каспий» футбол клубының түлегі. Ол жасөспірім шағында маңғаз Маңғыстау өлкесінің командасында ойнады. Кейін Алматының «Қайратына» ауысып, 2023 жылдың басында оны Санкт-Петербордың «Зенит» командасы өз қатарына қосты. Айта кетейік, Қазақстан құрамасы наурыз айында 2024 жылғы Еуропа чемпионатына жолдама үшін таласады. Грекия – Қазақстан матчы наурыздың 21-нен 22-не қараған түні Афинада өтеді.

Көгершін Дәуітхан

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×