
«Ордабасыны» жаттықтыратын молдовалық маман Андрей Мартин «Қайратқа» қарсы Қазақстан Кубогының 1/8 финалдық кездесуін қортындылап, шымкенттік ұжымның мақсат-міндеттерімен бөлісті.
Шымкентте өткен матчта алаң иелері 1:0-мен жеңіске жетіп, жартылай финалға шыққан болатын.
«Чемпионға қарсы ойнадық. Кубоктык теке-тірес. Мұндай ойындардың чемпионат кездесулеріне ұқсамайтынын бәрі біледі. Бірінші таймда қандай ауа-райы болғанын өздеріңіз де көрдіңіздер ғой. Әр допқа таласып, жанын салған футболшыларға ризамын. Алаңның әрбір метріне талас жүргізіп, мінез танытты. Бұл командаға телігім келетіні де осындай ойын, мінез бен жүрекпен берілу. Ойын жүйесі мен тәртіп те маңызды. Міне осы бағыттағы жұмысты жалғастырып, ілгері басып, Шымкент пен жергілікті жанкүйерлерді қуантуымыз керек. Біз жақсы команда жасақтап, жанкүйерлерді қуантамыз. Уақыт керек, команданың жағдайы аса емес кезде де оны қолдап, түсіністік таныту маңызды. Толайым табыстарға жететінімізге сенімдімін», - деді А. Мартин.
«Ордабасы» маусым басындағы дағдарыстан шыққан сияқты. Кешегі ойынды қосқанда шымкенттік клуб қатарынан алтыншы жеңісін тіркеді. Кубоктың жартылай финалында Андрей Мартиннің шәкірттері «Қызыл-Жармен» жолығады, ал келесі жартылай финалдық бәсекеде «Тобыл» мен «Жеңіс» шеберлік байқасады.
Біздің серіктес: FONBET