Қазақстан құрамасының Ұлттар лигасынан қанша ақша тапқаны белгілі болды

29.09.2022, 23:40
Топта жеңімпаз атанғаны үшін Қазақстан әдеттегіден көп қаржы тапты.
Қазақстан құрамасының Ұлттар лигасынан қанша ақша тапқаны белгілі болды

Қазақстан құрамасының Ұлттар лигасындағы сәтті өнері үшін алатын ақшасының көлемі белгілі болды, деп хабарлайды Sports.kz.

Турнирге қатысқаны үшін Қазақстан құрамасы С дивизионындағы басқа командалар сияқты 1,125 миллион еуро алады. Бұл соманың топтяқ кезеңдегі нәтижеге ешқандай қатысы жоқ. Бірақ Қазақстан өз тобының жеңімпазы атанғаны үшін бұл соманы екі есеге арттырып, нәтижесінде 2,25 миллион еуро табыс тапты.

Еске салайық, Қазақстан құрамасы С дивизионының 3-ші тобында бірінші орын алып, В лигасына көтерілді. Сондай-ақ қазақстандық футболшылар 2024 жылғы Еуропа чемпионатына жолдама алу үшін таласатын болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×