Қазақстанның Ұлттар лигасындағы ойынына 85 мың көрермен жиналған

29.09.2022, 23:54
Беларусьпен болған ойында ұлттық құраманың рекорды жаңарды.
Қазақстанның Ұлттар лигасындағы ойынына 85 мың көрермен жиналған

Қазақстан құрамасының УЕФА Ұлттар лигасындағы матчтарын 85 301 көрермен тамашалады, деп хабарлайды KazFootball.kz.

Астанада Әзeрбайжан құрамасымен өткен ойынға 19 823 көрермен жиналды. Трнавадағы Словакиямен сырт алаңда өткен матчқа 4146 жанкүйер келген. Ал Сербияның Нови-Сад қаласында Беларусь құрамасына қарсы кездесу көрерменсіз өтті. Астанада Словакиямен өткен қарымта ойынға 28 745 көрермен жиналды.

Қыркүйек айындағы ойындарда Қазақстан құрамасының рекорды жаңарған болатын. Нақтырақ айтсақ, Беларусь құрамасымен болған матчты стадионнан 29 637 көрермен тамашалады. Ал соңғы турда Әзербайжанмен болған сырт алаңдағы кездесуге небәрі 2950 көрермен келді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×