ҚПЛды сағындым!

27.07.2020, 09:20
ҚПЛды сағындым!

Испания, Италия, Англияны аяқтадық. Енді өзіміздің футбол керек болып тұр.

Еуропаның алпауыт чемпионаттарын сырттай көріп, тамашалап, рахаттанып алдық. Барлығы дерлік аяқталды. 4 ірі чемпионатты тауыстық. "Италияда әлі екі тур бар ғой" деп айтарсыз маған. Бірақ, не мағына қалды оларда. Маған ҚПЛ керек болып тұр.

"Тараз" бен "Қайсардың" ойынын көрдім өткенде. Қызық матч болды негізі. Біздің футболшылар да үлкен футболды сағынып, жасыл алаңға шыққысы келіп жер тарпып отырған шығар. 3 тамыз күні матчтар болады екен. Бірақ, мен ол ойындарды жүргізбеймін. 7 тамыз күні болатын кездесулер аяқталысымен, "Қазспорт" арнасында шолу бағдарлама болады соны жүргіземін. Студия, эфир, ҚПЛ матчтары, Еурокубоктегі біздің клубтардың матчтары барлығы да сағындырды. Барша жанкүйерлердің де ойы осы деп ойлаймын. Жаңа ғана "Ювенің" чемпион болып, эмоциясы көл-көсір болып жатқанын көрдім. Сондай қызықтың ортасында жүрген қандай жақсы. Футбол бұл эмоция ғой.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×