Роналдудың “ИншаАллаһ” деген сөзі әлеуметтік желіні дүр сілкіндірді

Бүгін, 15:15

Португалиялық футбол аңызы Криштиану Роналду Дубайда өткен Globe Soccer Awards салтанатында тағы да жұртты таңғалдырды, деп хабарлайды Aladop.kz.

Роналдудың “ИншаАллаһ” деген сөзі әлеуметтік желіні дүр сілкіндірді

Ол үшінші жыл қатарынан "Таяу Шығыстың үздік ойыншысы” марапатын иеленіп қана қоймай, карьерасындағы басты мақсатын жария етті.

40 жасқа толғанына қарамастан, Криштиану Роналду жасыл алаңда әлі де мықты екенін дәлелдеп келеді. Карим Бензема мен Рияд Марез сияқты жұлдыздарды басып озып, кезекті жүлдесін алған ол 2025 жылы барлық турнирлерде 40 гол соғып үлгерді.

1000 гол — басты меже

Марапаттау рәсімінде сөйлеген тебіреністі сөзінде "Әл-Наср” шабуылшысы футболға деген құштарлығының әлі де жоғары екенін айтты. Роналдудың негізгі мақсаты — карьерасындағы голдар санын 1000-ға жеткізу.

"Менің мақсатым не екенін бәріңіз білесіздер. Мен көбірек жүлде ұтып, 1000 гол соққым келеді. Егер жарақат алып қалмасам, бұл межені міндетті түрде бағындырамын, ИншаАллаһ.” — деді ол.

Роналдудың "ИншаАллаһ" (Алла жазса) деп айтқан сөзі сол сәттерде-ақ интернетте қызу талқыға түсті. Қазіргі таңда Португалиялық сұрмергеннің еншісінде 956 гол бар. Тарихи межеге жету үшін оған небәрі 44 доп қажет. 

Желі қолданушыларының реакциясы

Роналдудың мұсылман әлемінде кең таралған сөзді қолдануы жанкүйерлер арасында түрлі пікір тудырды:

  • "Ол мұсылман болған ба?" — деп таңғалды біреулер.
  • "Бұл — нағыз Роналду, ол әрқашан биік белестерді көздейді" — деп қолдау білдірді жанкүйерлері.
  • Кейбір қолданушылар оның есіміне сілтеме жасап, қалжыңдап жатса, енді бірі оны "Мұсылман Роналду” деп атап, жүрекше қалдырды.

Криштианудың "Әл-Насрмен" келісімшарты 2027 жылдың ортасына дейін жарамды. Демек, оның 1000 голға дейінгі жоспарын жүзеге асыруға уақыты да, мүмкіндігі де жеткілікті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×