“Шахтер”, Ұлттық құрама, енді “Ақтөбе” ма? – Әдиев Қазақстанға оралмақ

Бүгін, 20:36

Ресейлік маман Магомед Әдиев "Ақтөбе" тізгінін ұстауы мүмкін, деп хабарлайды Aladop.kz.

“Шахтер”, Ұлттық құрама, енді “Ақтөбе” ма? – Әдиев Қазақстанға оралмақ

Eurasia Football басылымының хабарлауынша, 47 жастағы бапкер қазіргі командасы "Крылья Советовтан” кетіп, Қазақстанға оралуды жоспарлап отыр.

Әдиев Самара клубына РПЛ-дің 2025/26 жылғы маусымы алдында келген болатын. Алайда қаржылық қиындықтарға тап болған "Крылья Советов” қазір турнирлік кестенің төменгі бөлігінде келеді. Соңғы үш матчта самарлықтар жалпы 0:11 есебімен ойсырай ұтылды. 

"Ақтөбедегі" жағдай:

Клубтың Болгариялық маман Николай Костовтың кандидатурасына көңілі толмайды.

Бұған дейін Неміс бапкері Феликс Магатпен Түркияда келіссөздер жүргізілгенімен, Vesti.kz мәліметінше, тараптар ортақ мәмілеге келе алмаған.

Магомед Әдиевтің өзі де жақында берген сұхбатында Қазақстанға қайта оралу мүмкіндігін жоққа шығармаған болатын.

"Ертең қайда болатынымызды ешкім білмейді. Сондықтан ұсыныс түссе, неге келмеске? Өзіңді құрметтейтін және өзің де сыйлайтын жерге қуана оралар едім. Көре жатармыз.” — деген ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×