Скотт Мактоминай «Манчестер Юнайтедпен» келісімшартын 2025 жылға дейін ұзартты

23.06.2020, 21:33
«Қызыл сойқандар» үшін керемет жаңалық!
Скотт Мактоминай «Манчестер Юнайтедпен» келісімшартын 2025 жылға дейін ұзартты

Шотландиялық жартылай қорғаушы Скотт Мактоминай клубпен келісімшартын 2025 жылдың жазына дейін ұзартты, деп хабарлайды «Манчестер Юнайтедтің» ресми сайты. Жаңа келісімшартта келісімді тағы бір жылға ұзартуға болатын опция қарастырылған.

«Мен қазір ойланатын көптеген нәрселер бар екенін түсінемін, бірақ мен жаңа келісімшартқа қол қойып, клубтың болашақ құрамына кіргеніме қуаныштымын. Мен алаңға шыққан сайын, барлығы менің клубқа деген құштарлығымды көреді деп үміттенемін. Клубтың жейдесін киген сайын, мен Юнайтед үшін барымды салып ойнайтын боламын», - деді Мактоминай.

Скотт Мактоминай - "Манчестер Юнайтед" академиясының түлегі. Ойыншы негізгі командадағы алғашқы ойынын 2017 жылы өткізді. Осы маусымда Мактоминай Англия Премьер-лигасында 21 матчқа қатысып, 4 голдың авторы атанды және 1 нәтижелі пас берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×