Срджан Благоевич

04.12.2020, 11:24
Ақтаулық Каспий клубын қпл дағы орнын сақтап қалған бапкер
Срджан Благоевич

                    Срджан Благоевич

Жақында ғана Ақтаулық Каспий клубның бас бапкері Срджан Благоевич Sports.ru сайтында дауыс беру қортындысы бойынша жылдың ең үздік бас бапкерлер тізіміне енді.Чемпионатта 10шы орын алған команданың бас бапкері бұл тізімде тұруы әрине таңғаларлық , бірақ бұнымен келіспеске болмайды.Қаржылық қиындықтарға байланысты Каспий клубынан («Тарас Бондаренко,Серж Ньюадзи, Айдос Тәттібаев, Александр Станиславлевич, Сұлтан Сағнаев, Раманзан Кәрімов, Еркін Тапалов ,Карам Сұлтанов, Божан Ковачевич») сынды бірқатар ойыншылар кеткен болатын.Бірақ Срджан Благоевич барды қанағат тұтып қолда бар ойыншылармен жақсы нәтиже көрсетіп Қазақстан премер лигасында өз орнын сақтап қалған болатын.Лигадағы бюджеті ең аз команда болсада ,жүлделі орындарға таласып жүрген клубтарға қарсы иық тіресіп терезесі тең ойын көрсетті.Тіпті атағынан ат үркетін Қазақстанның 6 дүркін чемпионы Астананы жеңіп,ел кубгының иегері Қайсар клубынан екі ойындада 3 ұпай алып таң қалдырған болатын.Каспий клубы кіммен ойнасада қорғанысқа жатып алмай , допқа көп иелік етіп жиі жиі тактикалық шабуылдар жасайтын.Ол әрине бас бапкердің тактикасының арқасы.Сонымен қатар Срджан Благоевич үзіліс кезінде ойыншыларды жақсы жігерлендіріп мотиватция беріп екінші таймда соңына дейін ойнайтын мүлде басқа команда шығаратын.Келесі маусымда клуб осы қарқыннан таймай сапалы бірнеше легионер алса турнирлік кестеде жоғарылайтыны айдан анық.

Абылайхан универстетінің 1 курс студенті Мырзабай Исламбек

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×