Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов Ұлттар Лигасының қарсаңындағы дайындық жұмыстары туралы пікірімен бөлісті.
Айта кетейік, 6-қыркүйекте Қазақстан командасы Норвегияны қабылдайды.
«Футболшылар ақырындап жиналуда. Кеше түнде Зайнутдинов пен Айымбетов, Скворцов ұшып келді. Ертең бүкіл құраммен жаттығу өткіземіз. Ойға алғанымызды іске асырып жатырмыз. Қарсыластың жайы белгілі, ойындарын қарап шықтық. Жақсы футболшылармен жасақталған мықты команда. Қарсылас туралы азырақ ойлап, аз айтуға тырысамын, өйткені біздің қалай дайын болатынымыз одан маңыздырақ. Қарсылас әртүрлі бола алады, бірақ біз өз ісімізді білуіміз қажет. Бүгін бірнеше нұсқаны тексеріп көрдік, жігіттермен әңгімелестік. Өзімізге қайсысының ыңғайлы әрі қолайлысын көреміз. Алаңда сыналатын футболшылар ғой, тапрсырманы да орындайтын солар. Қолдан келетін нұсқасын таңдауымыз керек. Ал жалпы матчтың өзінде жанкүйерлерді күтеміз, қолдау қашан да қажетті, әсіресе, өз алаңымыздағы кездесулерде», - деді Станислав Черчесов.
Естеріңізде болса, алтыншы қыркүйектегі Норвегиямен болатын бәсекеден кейін Станислав Черчесовтің командасы сырт алаңда Словениямен жолығады.
Біздің серіктес: FONBET