Тараздық тарлан

29.04.2020, 20:58
Қазақ футболының мақтанышы.
Тараздық тарлан

Ермұхамед Мәуленнің «Тараздық талант», яғни Б.Исламхан жайлы жазған постын оқып шықтым. Керемет жазылған. Сол посттан шабыт алып, осы тақырып төңірегінде менде әңгіме өрбітбекшімін. Бірақ, басқа талант жайлы. Ол, әрине, «Тараздық тарлан» Бақтияр Зайнутдинов.

Тараздың топырағы бізге керемет ойыншыларды сыйлады. Көпке үлгі,қазаққа мақтаныш болып жүрген Бақтияр да «Тараз» академиясынан шыққан.

Футболдағы карьерасын «Тараз» футбол командасында бастады. 2017 жылы «Тараз» сапында жүріп, «Премьер Лиганың үздік жас ойыншысы», «Маусымның ашылуы» және түрлі мақтау-мадаққа, көптің қошеметіне ие болды. Тараздағы керемет маусымнан кейін көптеген командалардан ұсыныс келді. Және «Астана» клубына үшжылдық келісім-шартпен ауысты. Стоилов Бақтиярдың бағын ашты. Дебютті матчында, нәтижелі оцын көрсетіп, хет-трик авторы атанды. Ойын сайын, қарқынға қарқын қосып, негізгі құрамнан ойып тұрып орын алды. Және сол маусымда чемпион атанды. Еурокубоктегі нәтижелі ойындары мен тамаша голдары көз алдымызда. «Тараз» бен «Астанадағы» керемет 2 маусымнан кейін, Бақтиярға Ресей Премьер Лигасының клубтары қызыға бастады. «Астана» 2 есе айлық пен керемет жағдай ұсынсада, ол «Ростов» командасын таңдап, болашаққа нық қадам басты. Бұл шешіміне Қазақ елі қатты қуанды. Қазақ баласы өзге чемпионатта доп тепсе, мақтаныш! Бүкіл БАҚ өкілдері, спорт журналистерінің назары Бақтиярда."Қазақ Вундеркинді" деп те атап жүр.

Ростовтың жартылай қорғанысында мін жоқ. Ерёменко, Ионов, Попов сынды нағыз бабында тұрған жігіттерге бәсекелестік таңыту оңай емес, бірақ Бақтиярдың қолынан келді. Карпиннің көңілінен шығып, өз ойынын көрсетті. Спартакқа қарсы ойында гол соғып, "Үздік ойыншы" атанды. Командасына керек кезде, керек сәтте гол да, тиімді әкереттерді де жасады. Биылғы маусымда Ростовтың мақсаты ТОП-3 ену. Ол мақсаттары орындалып жатса. Бақтияр жүлдегер атанып, біз үшін, Қазақ Футболы үшін мақтанарлық тағы бір ұлы іс болар еді. 

Клубтық деңгейде өзін тамаша көрсете білген Бақтияр, Ұлттық Құрама үшін де көп көмегін тигізді.

Ұлттық Құрама сапында алғашқы дебютын 2018 жылдың 23 наурызында Венгрияға қарсы жолдастық кездесуде өткізді. Сол кездеде құрамаға шақырған болгарлық маман Стоилов еді. Стоиловтың Бақтиярды футболшы әрі талант ретінде көре білуі бекер емес екен. Ұлттық құрама алғашқы матчында-ақ гол соғып, нәтижелі ойын көрсетті. Сол маусымда Ұлттық Құрамада жүріп, Әзірбайжан, Латвия құрамаларына гол соқты. «Ұлттар Лигасында» Шотландияға қарсы екі ойында да керемет голдарымен есте қалды. 13 ойында 6 гол соғып, Ұлттық Құраманы алға сүйреп келеді. Жанкүйерлердің сүйіктісіне, көзайымына айналды. Осы қарқынынан тайма!

Жарақат атаулыдан аман бол!

Өз ойынында көрсетіп, биіктен көрін!


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×