Тьяго Алькантара «Ливерпульмен» төртжылдық келісім-шартқа отырады

16.08.2020, 23:28
Испаниялық футболшы Англия чемпиондарының қатарына қосылады деп күтілуде.
Тьяго Алькантара «Ливерпульмен» төртжылдық келісім-шартқа отырады

"Баварияның" жартылай қорғаушысы Тьяго Алькантара "Ливерпульмен" 4 жылға келісім-шартқа қол қояды, деп хабарлайды RMC Sport басылымы. Сонымен қатар, 29 жастағы ойыншы Ұлыбританиядан өзіне үй тапқан көрінеді. Ендігі қалған мәселе, трансфер құнын нақтылау. Ойыншының нарықтағы негізгі бағасы 48 миллион еуроны құрайды.

Айта кетейік, Тьяго Алькантараның мюнхендік "Бавариямен" арадағы келісім мерзімі 2021 жылдың маусым айына дейін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×