Unione Venezia

19.08.2021, 01:22
Араға 20 жыл салып Венеция италияның А сериясына қайта оралды.
Unione Venezia

Теңіз үстінде орналасқан кәсіпқой футбол клубы жайлы білесіз бе? Білмесеңіз білгенге маржан қылыңыз. Бұл италияның «Венеция» футбол клубы екен. Аты айтып тұрғандай бұл ұжым Венеция қаласының жалауын желбіретіп жүр. 2020/21 жылғы маусымда италияның Б сериясында 5 орынға тұрақтап, плей-офф кезенінің арқасында араға 20 жыл салып, А сериясына қайта оралды. Соңғы мәрте бұл жетістік 2001 жылы Чезаре Пранделли есімді бапкердің бастауымен жүзеге асқан еді. Арыстанды жеңісіне арқау еткен ұжымның 2021/22 жылғы жоғарғы дивизионға деген дайындығына аз-кем назар аударайық. «Жаңа маусымға жаңа леппен дайындық!» деп ұран салған «Венеция» бас бапкері Пауло Дзанеттидің тапсырысымен қатарға жаңа ойыншылар келіп қосылды. Трансферлік ауысымды тек «Псж» футбол клубы ғана сәтті және тиімді пайдаланды деген жанкүйерлерге «Венецияның» айтары бар секілді. 10 млн еуроға 9 ойыншыны сатып алған ұжым «Ювентус», «Милан», «Интер» секілді маңдай алды клубтармен терезесі тең дәрежеде өнер көрсететініне сенімді. Ауыз көпіріп айтатындай кімдерді қатарына қосты, соларды тізіп шығайын. Ең қымбат сатылым Италия-АҚШ азаматы, 19 жасар жартылай қорғаушы Джанлукка Бусиоға тиесілі. 6 млн еуроға «Канзас Ситиден» келген жас дарын үшін құрлық асып, еуропада өнер көрсетуі топ клубтарға жолдаманы жақындататын секілді. Одан кейін екінші қымбат сатылым Бахтиер Зайнутдиновпен бір командада доп тепкен исландиялық Арнор Сигурдсон. Трансферлік құны 800 мың еуроға бағалануда. Сигурдсон Джанлукка Бусио секілді жартылай қорғаушы. Айтпақшы «Венеция», ЦСКА қорғаушысы ресейлік Игорь Дивеевке де қызығушылық танытуда. Бірақта әлі сатып алуға шешім қабылдаған жоқ. Қалған 7 ойыншы ішінде «Миланда» ойнаған қорғаушы Матиа Кальдара (жалға алынған), қазақ жанкүйерлеріне таныс Дор Перец «М.Тель-Авив» жартылай қорғаушы (еркін агент), Давид Окереке орталық қорғаушы «Брюгге» (жалға алынған), Тайрон Эбейи оң қаптал қорғаушы «Бенфика Б» жалға алынған, Давид Шнегг сол қаптал қорғаушы Ласк 250 мың еуро. Осылайша құрамын толықтай жаңартқан «Венеция» италия А сериясындағы алғашқы ойынын сырт алаңда «Наполиге» қарсы өткізеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×