Ян Вороговский: «Қазір Қазақстандағы өз үйімде болғым келеді»

28.05.2020, 03:48
«Беерсхот» клубының ойыншысы Ян Вороговский карантин уақытында Қазақстанда болғысы келетінін айтты.
Ян Вороговский: «Қазір Қазақстандағы өз үйімде болғым келеді»

Ян Вороговский: "Мен қазір Қазақстандағы өз үйімде болғым келеді, бірақ Бельгиядан Қазақстанға ұшатын ұшақ жоқ. Қазақстандықтар үшін Амстердамнан ұшатын мүмкіндіктер бар, бірақ өте сирек. Жағдайдың қиындауына байланысты біз жаттығуды 12 маусымда бастаймыз. Қазір Қазақстанға ұшып кету мен үшін үлкен тәуекел болмақ. Әрине, мен қазір Қазақстанға орала аламын, одан кейін карантинде қанша уақыт отыратынымды, Бельгияға қашан оралатынымды және қашан жаттығу жасайтынымды анық білмеймін. Қазақстаннан оралғаннан кейін де карантинде отыруыма тура келеді."

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×