Жексенбілік жекпе-жектерге жорамалдар

28.06.2020, 19:40
Матчдэй #28маусым
Жексенбілік жекпе-жектерге жорамалдар

Ньюкасл - Манчестер Сити (FA CUP)

Пеп Гвардиола АПЛдегі болған сәтсіздіктен кейін Англия Кубогі үшін барын салатыны анық. Оны өзі де Ливерпульге қарсы өтетін матчқа қарағанда маңызды екенін баса айтқан болатын. Ньюкасл топ командаларға және соның ішінде "қалалықтарға" қарсы мықты ойын көрсете білетін командалар қатарында . Соңғы өткен қос команда арасындағы 2 матчта Ньюкасл: 1 жеңіп, 1 тең ойнаған болатын. Ньюкасл карантиннен кейін 2 матчта жақсы ойын өрнеген көрсете білген команда .

Бұл матчта меніңше бұрыштамалар саны көп болады . Болжам бұрыштамалар тоталы 9,5Б

УДИНЕЗЕ -АТАЛАНТА (Серия А)

Удинезе командасы Серия А - дағы "крепкий" командалардың бірі десек болады. Голды аз жіберіп, голды аз соғатын командалардың қатарынан. Ал Аталанта өткенде болған Лациомен ойында чемпиондыққа соңына дейін таласып бағатындарын көрсетті. Аталанта қазір тек Серия А ғана емес бүкіл Еуропадағы мықты ұжымдардың қатарында екенін бәрі айтпаса білетін шығар.

БОЛЖАМ : Тотал 2,5 жоғары 1,7 кэф беріп тұр екен . Ендеше сәттілік!

ПАРМА - ИНТЕР (Серия А)

Интер чемиондыққа үміткер командалардың бірі. Қазір Криштиану бастаған Ювентус көш бастап Интерден 11 ұпай алда келеді. Бүгінгі матчта Интер жеңіске жету үшін барын салуы тиіс сонда арадағы ұпайды 8 дейін жеткізуге болады. Бірақ оған көнетін Парма жоқ. Парма да өз кезегінде Еуропа Лигасының жолдамасына дәмелі. Бірақ құрамында Эриксен , Лаутаро, Ромелуы бар Интер, осы үштіктің соңғы кездері өте жақсы түсіністікпен ойыны арқасында бұл кездесуде жеңіске жетеді деген ойдамын.

БОЛЖАМ : Ж2 кэф 1,58

ШЕФФИЛД ЮНАЙТЕД - АРСЕНАЛ (Англия Кубогі)

Артета бастаған Арсенал аяқ допшылары , соңғы өткен барлық кездесулерді өте қиындықпен өткерді. Себебі , команда жас, команда жаңа схемамаға көшу үстінде , ойыншылардың жиі қателесуі сияқты айта берсе біраз факторларды тізбектеп шығуға болады. Шеффилд өз кезегінде жарытып ойнап жүр деп айта алмаймын , соңғы 3 матчта қарсылас қақпасына 1 гол соқпады . Бұл анти-көрсеткішке бүгін нүкте қою үшін Шеффилд ойыншылары тағы бір тырысып көретіндері анық. Арсеналдың Обамеянг бастаған шабуылшы құрамы алаңнан голсыз қайтпайтыны анық . Бірақ болмайтын жерден гол жіберіп ойынды шиеленістіретіні бар емес пе осындайда?! Сондай жағдайлар бүгін Кубоктік матчта орын алуы мүмкін және -

БОЛЖАМ ТОТАЛ 2,5 КӨП кэф 2,28

ЭСПАНЬОЛ - РЕАЛ МАДРИД

Чемпиондыққа екі команда арасындағы талас тартыс шарықтау шегіне таяған сайын командалар психологиялық тұрғыда сыр беретіні айдан анық нәрсе. Себебі бұл жерде әрбір жоғалтылған ұпай, әрбір жіберілген қателік , әрбір берілген қате пас чемпиондық атағынан айырылуға алып келеді. Соңғы турлар бұл екі команда үшін финалға пара пар. Барсаның кешегі жоғалтылған ұпайы Реал үшін алға жеке дара шығуына үлкен мүмкіндік алып келді. Мадридтіктер бүгін турнирлік кестенің ең төменгі жағынан орын тепкен Эспаньолмен ойын өткізеді. Каталониялық команда жерлестері үшін ерлік жасай алады ма ? Ия, бұл Эспаньол үшін өте үлкен жұмыс . Кезінде Чемпиондар Лигасында жасындай жарқ еткен команда Сегундаға сөмкелерін асып дайын отыр.Кеше ғана Эспаньол бас бапкері Абелардомен келісім шартын үзісті. Бұл жағдай Эспаньолдың ойынында қаншалықты айтылатынын болжап айту қиын. Ал, Реал бұл матчқа шынайы дайындалып жатқанын Зидан мәлім етті.

БОЛЖАМ : Екеуі де гол соғады - ЖОҚ кэф 1,77

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×