Жозе, Анчелотти, Лопетеги

06.07.2020, 23:03
Тәжірибелі бапкерлердің бақталасы
Жозе, Анчелотти, Лопетеги

1.Тоттенхэм-Эвертон 

Тоттенхэм жеңісі-П1 2,05 кф

Эвертон, тактикалық тұрғыдан қарасақ Тоттенхэм үшін өте ыңғайлы қарсылас.

Бүгінгі ойында, сырт алаңда әлсіз ойнайтын Эвертонға, Тоттенхэмнің шебер шабуылдаушы құрамы біраз маза бермейтіні түсінікті. Себебі Эвертонның әліде болса тәжірибелі және сапалы ойыншыларға қарсы шикілеу ойын көрсететінін байқап жүрміз . Ал Лондондық команданың шабуылдаушы құрамын әр ойында кем дегенде 5 голдық сәт ұйымдастырып жүргенін және соңғы сәтсіз ойында Кейннің 4 гол соққанын,төреші оның ішінде соңғы минуттағы тек 1 голын есепке алғанын көрген болатынбыз. Яғни Кейн бастаған шабуылшылар әліде болса өз күшінде. Ал Тоттенхэм командасының қорғаныстағы ойыны әлсіз тұсы болғанымен, бүгінгі ойында Эвертон шабуылшыларына қарсы тойтарыс беретін шеберліктері жеткілікті. Сонымен қатар соңғы ойында көрсеткен сәтсіз ойыны үшін, Жозенің жауап беруі тиіс.


2.Севилья-Эйбар

Севилья 2 немесе 3 гол соғады-1,9 кф 

Севилья өз алаңында тамаша ойын көрсетеді, әрі 12 ойын қатарынан ұтылмай келе жатқаны тағы бар. Негізгі және қосалқы құрамдағы ойыншылардың дайындығы, кез-келген ойыншы ойын тағдырын шешуге дайын екендігін әр кездесуде дәлелдеп келе жатыр. Және ендігі маусымда Лопетеги өз біліктігін Чемпиондар Лигасында сынап көргісі келеді. Команданың басты мақсаты қолда тұрған жолдаманы жіберіп алмау.

Кестенің төменгі жағында орналасқан Эйбардың жағдайы қиындау, сырт алаңдағы кездесулерде қауқарсыз. Стандартты жағдайларда Эйбардың әлсіз ойын көрсететінін көп байқадық. Бұрыштама доптарын көп көтеретін Севилья бүгін оңай жеңіске жетеді, әрі 2-3 гол соғатынына сенімдімін.


3.Леванте-Реал Сосьедад

Реал Сосьедад жеңілмейді-1,35 кф 

Реал Сосьедадтың карантиннен кейінгі ойындарды сәтсіз бастауы, бүгінгі ойында жеңіс үшін барлық күш-жігерін беруіне себеп болады. Келесі маусымда Европа Лигасында ойнауы үшін кестедегі алғашқы алты орынға турнир соңына дейін күреседі. Реал Сосьедад үшін соңғы қалған 5 ойын финал іспеттес. Ал кестенін қақ ортасына жайғасқан Леванте үшін алаңдайтын ештеңе жоқ, бар күшін ендігі маусымға сақтап, қалған ойындарда тең дәрежеде ойын көрсетсе болғаны.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×