Зиданның Азардың маусымға дайын екендігіне күмәні бар

20.09.2020, 18:20
Бельгиялық маусымның басында алаңға шықпайтын секілді
Зиданның Азардың маусымға дайын екендігіне күмәні бар

Мадридтік "Реалдың" жартылай қорғаушысы Эден Азар Ла Лиганың бастапқы ойындарында өз командасына көмектесе алмайды. Бұл жайлы Зинедин Зидан былай деді:

"Менің бір ғана айтарым - қазіргі уақытта Азардың жағдайы жақсы. Ал оның қашан қатарға оралатыны жайлы айта алмаймын. Бізде әлі маусымға дайындалуға уақыт бар. Оған жүктелетін міндет маусымға 100 пайыз дайын болу, сонда ғана жұмысқа кірісетін боламыз",- деп жазады Goal басылымы франциялық маманның сөзін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×