Әлем Чемпионаты қарсаңында: Катар ұлттық құрамасы

13.06.2022, 16:37
Мундиалды қабылдаушы ел.
Әлем Чемпионаты қарсаңында: Катар ұлттық құрамасы

Катар. Бұл Азия құрлығында өнер көрсететін ұлттық құрама. Өз тарихында алғаш болып ала доп додасының әлемдік сынында бақ сынауға мүмкіндік алып отыр. Әрине, ешқандай іріктеусіз, осы аламанды қабылдаушы ел ретінде.

Бұл құрама өз бастауын 1970 жылдан бастап алады. Сол жылы алғаш ойынын Бахрейн құрамасына қарсы өткізіп, 1:2 есебімен жол береді. Катар ұлттық құрамасының ең ірі жеңісі 2015 жылы тіркеледі. Бутан құрамасына қарсы, есеп 15:0. Ал, өздерінің ең ірі жеңілісі 1973 жылы Кувейттіктерден 0:9 есебімен ойсырай ұтылуы болды.

Катардың ауыз толтырып айтатын жетістіктері: 1992 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарында ширек финалға дейін жетуі, екі рет (1992, 2004 жылдары) Парсы шығанағы кубогында жеңімпаз атануы, 2006 жылғы Азия ойындарының алтын жүлдегері, сондай-ақ, 2019 жылы Азия чемпионатының алтын жүлдесі.

Бұл құрамада ең көп ойын өткізген ойыншы - Себастьян Сория. Футболшы Катар үшін жасыл алаңда 115 мәрте бой көрсетті.

9k=

Үздік сұрмергені - Мансур Муфта, қоржынында 53 гол.

EnE+AAAAAASUVORK5CYII=

Катар 2022 жылғы әлем чемпионатында А тобында: Голландия, Эквадор, Сенегал құрамаларымен бәсекелесетін болады.

2QAAoQsYAAAAUGhvdG9FZGl0b3JfUmVfRWRpdF9EYXRheyJvcmlnaW5hbFBhdGgiOiJcL2RhdGFcL3NlY1wvcGhvdG9lZGl0b3JcLzBcL3N0b3JhZ2VcL2VtdWxhdGVkXC8wXC9EQ0lNXC9TY3JlZW5zaG90c1wvU2NyZWVuc2hvdF8yMDIyMDYxMy0xMTM1NTZfRmxhc2hzY29yZS5qcGciLCJjbGlwSW5mb1ZhbHVlIjoie1wibUNlbnRlclhcIjowLjUwMDAwMDA1OTYwNDY0NDgsXCJtQ2VudGVyWVwiOjAuNTA3MDg5OTEyODkxMzg3OSxcIm1XaWR0aFwiOjEsXCJtSGVpZ2h0XCI6MC4xODcwODA4MDA1MzMyOTQ2OCxcIm1Sb3RhdGlvblwiOjAsXCJtUm90YXRlXCI6MCxcIm1IRmxpcFwiOjAsXCJtVkZsaXBcIjowLFwibVJvdGF0aW9uRWZmZWN0XCI6MCxcIm1Sb3RhdGVFZmZlY3RcIjowLFwibUhGbGlwRWZmZWN0XCI6MCxcIm1WRmxpcEVmZmVjdFwiOjB9IiwidG9uZVZhbHVlIjoie1wiYnJpZ2h0bmVzc1wiOjEwMCxcImV4cG9zdXJlXCI6MTAwLFwiY29udHJhc3RcIjoxMDAsXCJzYXR1cmF0aW9uXCI6MTAwLFwiaHVlXCI6MTAwLFwid2JNb2RlXCI6LTEsXCJ3YlRlbXBlcmF0dXJlXCI6MTAwLFwidGludFwiOjEwMCxcInNoYWRvd1wiOjEwMCxcImhpZ2hsaWdodFwiOjEwMH0iLCJlZmZlY3RWYWx1ZSI6IntcImZpbHRlckluZGljYXRpb25cIjo0MDk3LFwiZmlsdGVyVHlwZVwiOjAsXCJhbHBoYVZhbHVlXCI6MTAwfSIsImlzQmxlbmRpbmciOnRydWUsImlzTm90UmVFZGl0IjpmYWxzZSwic2VwVmVyc2lvbiI6IjEyMDEwMCIsInJlU2l6ZSI6NCwicm90YXRpb24iOjEsImFkanVzdG1lbnRWYWx1ZSI6IntcIm1Dcm9wU3RhdGVcIjoxMzEwNzZ9IiwiaXNBcHBseVNoYXBlQ29ycmVjdGlvbiI6ZmFsc2V9AAChCxYAAABPcmlnaW5hbF9QYXRoX0hhc2hfS2V5Y2Q4YWUzNzA1YTg4NTFhZGMxY2QwZTZjYWY1NTM2M2ZhMTlkODdkODZhMWQ5MDNiZjgxM2QyMDA0OTVmNTBhMy8xODMyNjBTRUZIagAAAAIAAAAAAKELtQMAAFADAAAAAKELZQAAAGUAAAAkAAAAU0VGVA==

Әлемдік теңбіл доп бәсекесінің қожайындарын жасыл алаңға баптайтын маман Феликс Санчес.

Z

Серікбол Нақысбек

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Масқара 1
Серіктес жаңалықтары
×